Кафедра тарихы

«БАСТАУЫШТА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» КАФЕДРАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

 

85 жылдық тарихы бар оқу ордамыздың «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасы өз тарихи бастауын тереңнен, 1960 жылдан «Бастауыш мектеп педагогикасы» кафедрасының құрылуынан алады. Алғашқыда кафедраны 1960 жылдары педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Бектенов басқарды. 1974-1975 оқу жылында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» факультеті (декан В.И.Белоглазов) ашылып, онда бір ғана «Бастауыш оқыту педагогикасы» кафедрасы ф.ғ.к., доцент Е.Ағмановтың басшылығымен жұмыс жасады.

1991 жылдан «Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі» (кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Б.Ысқақ), «Бастауыш сыныптарда жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі» (кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Е.И.Байдыбекова), «Бастауыш сыныптарда филология пәндерін оқыту әдістемесі» (кафедра меңгерушісі доцент Д.А.Молдалиева) кафедралары болып үшке бөлінді. Белгілі педагог, математик, тіл мамандары Ә.Т.Баржақсиев, Ұ.К.Тәжібаева, М.О.Олжабаева, Ш.Н.Ергешбаева, Ү.Ж.Жарқынбеков, Ш.А.Қаламбаева, Е.А.Ағманов, К.М.Нұғманова, Б.Н.Мұхаметгалиева, Ә.Н.Нұрымов, Б.Ысқақ, Қ.Молдабеков, С.Тоқбергенова, Р.У.Булебаева, К.А.Жаңабердиева, Х.К.Жанадилова, К.Д.Дилинбетов, Н.П.Шишкалов, А.Н.Абрахманова, П.Момынұлы, Д.А.Молдалиева, Қ.Шойынбаев, М.Абишев, А.А.Жолдасова, Э.К.Елшибекова, Кенжеева және басқа да ғалымдар профессор-оқытушылар құрамының алдыңғы сапында болды.

 «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасы 2011-2012 оқу жылы құрылған Педагогика және психология факультетінің құрамына енді.

2012-2014 жж. кафедраны п.ғ.к., доцент Е.І.Байдыбекова басқарды,
2014-2017 жылдар аралығында Ш.Ж.Арзымбетова, А.А.Мамыт, Э.Б.Оразбаева, А.Б.Ибашова кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Бұл жылдары кафедрада білікті мамандар О.Аяшев, А.Жапбаров, Б.Ысқақ, Ж.А.Байымбетова, К.Алиева және басқа да ғалымдар жұмыс істеді.

2017-2021 жылдар аралығында кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Г.Б.Таутаева басқарды. Бұл жылдары 7M01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау»,  8D01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау» білім беру бағдарламалары әзірленді. Кафедра ұжымы оқу, ғылыми-әдістемелік, тәрбие жұмыстары бойынша көптеген жетістіктерге қол жеткізді.

 

Кафедраның жетістіктерінің бірі 6D010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша бітірген алғашқы түлегіміз А.Ж.Есназар п.ғ.д., профессор А.Жапбаровтың жетекшілігімен «Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында PhD докторлық диссертациясын сәтті қорғады. 

Кафедраны 2021-2022 оқу жылының қыркүйек айынан PhD доктор, аға оқытушы Ұ.Б.Ахатаева басқарып, 2022 жылдың мамыр айынан бастап PhD доктор, аға оқытушы А.Ж.Есназар конкурстық негізде тағайындалып, басқарып келеді.

Қазіргі таңда кафедрада 22 профессор-оқытушы сабақ береді. Ғылыми дәрежесі мен атағы барлар – 14, оның ішінде 3 профессор, 4 доцент, 5 ғылым кандидаты, 2 PhD доктор қызмет істейді.

Кафедрада п.ғ.д., профессор О.Аяшов - Оңтүстік Қазақстан облысының 2003 жылғы Ең үздік ғалымы; п.ғ.д., профессор, ҚПҒА академигі, ҚР БжҒМ  «ЖОО үздік оқытушысы-2016» мемлекеттік грантының иегері, Қазақстанның құрметті ұстазы Қ.Молдабек – «Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу дағдысын ақпараттық технологиялар арқылы қалыптастыру» атты тақырыпта гранттық жоба жетекшісі; п.ғ.к., профессор Р.Кенжебекова –  ҚПҒА академигі,  ҚР БжҒМ-нің «ЖОО үздік оқытушысы-2015» мемлекеттік грантының иегері, «Қазақстанның құрметті ұстазы», «Қазақстанның құрметті профессоры»; п.ғ.к., доцент С.С.Тілеуова – ҚР «Білім беру ісінің үздігі», Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері,. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2008 ж.) мемлекеттік грант жеңімпазы; п.ғ.к., аға оқытушы З.Қуанышбаева –  «Ы.Алтынсарин» төсбелгі иегері;  п.ғ.к., аға оқытушы Г.Б.Таутаева – Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының толық мүшесі, ХАА академигі; б.ғ.к., аға оқытушы Л.А.Ақынова – «Қазақстанның құрметті ұстазы - 2019» атты төсбелгі иегері; ф.ғ.к., доцент Қ.Ниетбай, п.ғ.к., аға оқытушы Г.Б.Таутаева – 2021 жылы «Білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі және оқу-әдістемелік кешендерге сараптама жүргізуге қатысқаны үшін» ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғысхатымен марапатталды; ф.ғ.к., доцент Ж.Байымбетова, PhD, аға оқытушы Ұ.Б. Ахатаева, аға оқытушы Л.О.Нурсейтова - «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына 80 жыл» төс белгі иегерлері.

Оқу ордамызды бітірген  түлектеріміз Ж.Тажиева - Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы, Б.Т.Танеев - Шымкент қаласы, №27 Мәртөбе жалпы орта білім беретін мектебінің КММ директоры, А.С.Каппарова Шымкент қаласы,  №55 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, А.А. Аккузов - Ж.А.Ташенов атындағы университеті «Филология» кафедрасының доценті, Ш.Арзымбетова - Ж.А.Ташенов атындағы университетінің ғылым жөніндегі проректоры, З.Ж.Айджанова - Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Қарашаңырақтың 85 жылдық мерейлі тойы қарсаңында кафедраның қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан, көргені мен түйгені мол Ерке Ізбасарқызы Байдыбекованың есімімен «Бастауыш сынып математикасы» кабинеті ашылды. Мұның бәрі – келешек ұрпақтың кемел ұстаз болып қалыптасуына жарқын жол ашатын өнегелі тәрбие құралдары.

Описание: C:\Users\User\Downloads\_DSC6773.JPG

                                                                Байдыбекова Е.І.

                                                           Ысқақ Б

                                                         Арзымбетова Ш.Ж.

                                                                            Оразбаева Э.Б.

                                                                              Ибашова А.Б.

                                                                               Таутаева Г.Б.

                                                                 Ахатаева Ұ.Б.

                                                                                             Есназар А.Ж.