Факультеттің халықаралық жұмысы

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Түркі Кеңесі құрамындағы Түркі университеттері одағына ресми мүше болып енді. Бұл туралы ОҚМПУ-нің ректоры Гүлжан Сүгірбаева мәлімдеді. Оқу ордасының делегациясы Түркі университеттерінің V рет өткізілген бас Ассамблеясына қатысты. Халықаралық жиын Түркістан қаласындағы Қ. А. Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінде өтті. Ассамблеяға Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия секілді 15 мемлекеттің жоғары оқу орындары ректорлары, дипломатиялық қызмет, студент жастар және халықаралық ұйымдар өкілдері, сарапшылар, ғалымдар қатысты. Жиында университет ректорлары білім саласындағы өзекті мәселелер жайын талқылады.Түркі тілді мемлекеттер ынтымақтастығының Кеңесі-түркі мемлекеттерін біріктіріп, олардың жан-жақты дамуына ықпал ететін халықаралық ұйым. Түркі кеңесі 2009 жылы құрылған.