ӘСКЕРИ КАФЕДРА

1995 жылы 7 сәуірде Тәжік-Ауған  шекарасында  Шымкент қаласының 5485 әскери бөлімінің әскерлері халықаралық бітімгершілік тапсырманы орындау барысында Пшихвар  шатқалында ауған моджехеттерімен болған қанды қақтығыста 17 сарбаз ЕРЛІКПЕН қаза тапқан. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 7 сәуір  Ерлік күні болып аталады.

2021 жылдың 7 сәуір күні Шымкент қаласының  Абай паркінде  17 сарбазға арналған обелиск алдында  Еске алу күні өтті. Осы іс-шараға ардагерлер мен бірге Онтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалык университетінің әскери кафедрасының студенттері қатыстып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Егемен еліміздің келешегі жас ұрпақты Отан сүйгіштік пен патриотизмге тәрбиелеуге Тәжік-Ауған  шекарасындағы  ұрыс қимылдарының ардагерлері әскери кафедра бастығының орынбасары-оқу бөлім бастығы запастағы подполковник Касымбеков Асан Булегенович және әскери кафедраның оқытушысы запастағы майор Айкынбеков Бахтияр Айтпаевич үлкен үлестерін қосуда.

 

 

 

Әскери кафедра бастығының орынбасары - оқу бөлім бастығы запастағы майор Каюпов Қалдыбай Бокенович. 

Әскери кафедра бастығының орынбасары - (әскери техника, қару-жарақ бойынша) запастағы полковник Курбанов Марс Тохтахунович. 

Әскери кафедраның цикл бастығы -  аға оқытушы запастағы подполковник Шырынбек Нұрүллә Әбибуллаұлы. 

Әскери кафедраның цикл бастығы - аға оқытушы запастағы подполковник Гульбаев Хусниддин Розбаевич. 

 

 

 

  

   

 

 

          ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаменті техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің аға офицері полковник Б.Каиров Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті әскери кафедрасының оқу - материалдық базасымен танысты. Оқу ордасында әскери кафедра өткен оқу жылының қыркүйегінде ашылған болатын. Оқу жоспарына сай әскери кафедраға грант негізінде  86,  ақылы оқу негізінде 84,  жалпы саны 170 студент қабылданды. Ондағы оқытушылар студент жастарды идеологиялық жұмысты үйлестіру, аумақтық қорғанысты жоспарлау, өрт қауіпсіздігі, әскерлерді киім-кешекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және  әскери жауынгерлік іс-әрекеттерге үйретіп, оқытып келеді.
       Кафедра жұмысымен танысу барысында полковник Б.Каиров  университет ректоры т.ғ.к. доцент Г.Сүгирбаева, оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры т.ғ.к., доцент Б.Исабек, әкімшілік басқармасының басшысы Д.Б.Серікбаевпен кездесіп, әскери кафедра бастығы запастағы полковник А.Айтов мырзаның атқарған жұмыстарын жоғары бағалады.

 

 

 

 

    

 

 

       Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты,доцент Гүлжан Даулетбекқызы Сүгірбаева ханым мен  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің  оқу және оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Баршагүл Қашқынқызы Исабек ханым әскери кафедраның  оқу процесі мен оқу-материалдық базасының жоғарылауына, студенттердің сапалы білім, саналы тәрбие алуына ықпал ете отырып, әскери кафедрада атқарылып жатқан жұмыстарға  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректорат мүшелері алдында жоғары баға берді.

 

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті әскери кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы

онлайн оқыту жүйесінде өткізіліп жатқан біліктілікті арттыру курсында

 

 

 

  

 

Әскери кафедрада оқу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі: 2020 жылдың  20 қыркүйегіне дейін.

Әскери кафедрада оқуға студенттерді іріктеу:  қазан айының  1-нен 10-на дейін жүргізіледі.