Анкара университеті мен ОҚМПУ студенттері арасында тіл үйрену клубы құрылды

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері Анкара (Түркия) университетінде оқитын қатарластарымен ZOOM арқылы кездесу өткізді. Оқу ордасының орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер түркиялық болашақ филологтармен екі бауырлас елдің мәдениеті және заманауи өзгерістер, білім ордаларының тарихы, не себепті оған таңдау жасағаны жайлы әңгімелесті. Кездесуге қатысушы жастардың талпынысына ОҚМПУ академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы Аида Байғараева сәттілік тіледі. Кездесу барысында Анкара университеті мен ОҚМПУ студенттері арасында тіл үйрену клубы құрылды.