Педагогикалық білімді жетілдіру және қайта даярлау бөлімі

Педагогикалық білімді жетілдіру және қайта даярлау бөлімі

Педагогикалық білімді жетілдіру және қайта даярлау бөлімі ОҚМПУ коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар Кеңесінің 2020 жылғы 29 шілдедегі шешімі негізінде (2020 жылғы 03 тамыздағы №4-109 бұйрығы) ашылып, ағымдағы жылдың 01 қыркүйегінен бастап жұмыс жасауда.

Педагогикалық білімді жетілдіру және қайта даярлау бөлімі университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі басқармасы құрамына кіретін құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім  профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық білімін жетілдіру және педагогтік білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар тұлғаларды университет базасында қайта даярлауға қатысты  оқу үрдісін  жүзеге асырады.

Педагогикалық білімді жетілдіру және қайта даярлау бөлімінің негізгі қызметі мен міндеттері:

  • ПОҚ білімін жетілдіру жоспарын дайындау;
  • ПОҚ білімін жетілдіру жоспарына сай жұмыс жүргізу;
  • педагогтік білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар тұлғаларды (бұдан әрі - тыңдаушылар) қайта даярлау курсына қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • қайта даярлау курсының білім беру бағдарламаларын дайындауды ұйымдастыру;
  • қайта даярлау курсы тыңдаушыларының оқу-әдісте­ме­лік жұмыстарын  ұйымдастыру;
  • қайта даярлау курсы  тыңдаушыларының өндірістік практика­лары­ның өткізілуін ұйымдастыру және қадағалау.

Мекен-жайы және байланыс телефоны:

Шымкент қ., А. Байтұрсынов көшесі  №13, бас ғимарат 216 кабинет.

Байланыс телефоны: 8 (7252) 21-40-03.