Кәсіби бағдар

 

Шетел тілдері кафедрасының 2022-2023 оқу жылындағы бітіруші түлектерге Кәсіби бағдар беруді ұйымдастыру жоспарының орындалу барысы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетеі филология факультетінің шетел тілдері кафедрасының оқытушылары К.Киясова, М.А Тайтелиева ,А.Ә.Мұсабекова, А.Қ Шарахымбай, Р.Б Кангилованың ұйымдастыруымен кәсіби бағдар беру мақсатында № 75 мектеп гимназиясы,№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі және №132 жалпы орта білім беретін мектептердің бітіруші түлектері университетімізге келді.Мектеп түлектері университетіміздің оқу залымен,кітапханасымен,арнайы жабдықталған лабараторияларымен,спорт кешенімен танысты.Студенттер үйімен Coworking орталығында болды.Танысу барысында әсер алған мектеп түлектері «осы университтеттің студенті боламын »деген мақсаттарымен бөлісті.

 

Ағылшын тілі кафедрасының 2021-2022 оқу жылындағы бітіруші түлектерге Кәсіби бағдар беруді ұйымдастыру жоспарының орындалу барысы

Ағылшын тілі кафедрасының ОПҚ өздеріне бекітілген мектептерімен байланысқа шығып, бітіруші түлектермен кездесіп, университетіміздің қысқаша тарихы мен қазіргі жағдайы туралы ақпарат берді, университетіміз дайындайтын мамандықтар туралы буклет қағаздары таратылды. Атап айтатын болсақ Шымкент қаласындағы №40,41,42,43,44,45 жалпы орта мектептерге, Отырар ауданындағы және Шардара ауданындағы жалпы орта мектептерге насихат жұмыстары жүргізілді.

Кәсіби бағдар беру мақсатында оқытушылар барған жалпы орта мектептердің түлектеріне кафедра дайындайтын 6В01703 – Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімін даярлау мамандығы бойынша презентация көрсетілді. Онда университеттің тарихы, факультеттер, білім беру бағдарламалары, ҰБТ таңдау пәндері жайлы ақпарат берілген. Студенттермен байланыс орнату және кәсіби бағдар беру мақсатында кафедралық okmpu_engdepartment инстаграм парақшасы жұмыс істейді. Аталған парақшаға Талапкер – 2022 арналған ҰБТ ережелері туралы ақпараттар, мамандық туралы слайдтар мен видеоролик, қазіргі таңда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметтер жарияланған.

«Ағылшын тілі» кафедрасы оқытушыларының жыл сайын Шымкент қаласының колледждері мен мектептерінде, Отырар, Шардара аудандары мектептерінде кәсіби бағдар жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізуіне байланысты 6В01703-Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімін даярлау мен 6В02301-Аударма ісі мамандықтарына түсуші талапкерлер саны жылдан жылға артуда: 1-ші курста – 466 студент, 2-ші курста – 158 студент, 3-ші курста – 129 студент, 4-ші курста – 92 студент білім алуда. 2020-2021 оқу жылында бітірген студенттер саны – 107, оның 89% жұмысқа орналасқан.

Ағылшын тілі кафедрасының оқытушылары кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу үстінде

Ағылшын тілі кафедрасының аға оқытушысы А.А.Абдукаримова тәлімгерлік тобының үздік студенттерімен №64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназияның бітітуші 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.Сонымен қатар  ағылшын тілі кафедрасының оқытушылары  Қадырқұл А.,Оңдасынов Н.Д. Шымкент қаласының №38-мектеп-гимназиясы мен №43 жалпы орта мектебінің бітіруші түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

 

 

«ОҚМПУ-ға  85 жыл»: 2022 жылғы мектеп түлектері
 ұстаздар ұстаханасымен танысты.
  
Шымкент қалалық Білім басқармасымен ОҚМПУ арасындағы 2020 жылы 11 қарашада түзілген Ынтымақтастық меморандум аясында болашақ педагог мамандар даярлайтын  ЖОО-ның  85 жылдығына орай 2021 жылы 22-29 қазан аралығында  «Мен 85 жылдық тарихы бар жоғары оқу орнын таңдаймын»  апталық - акция өткізілуде. Өткен аптада бастау алған іс-шараны бүгін 28 қазан күні Филология факультеті жалғастырды. Шараға 500-ден аса мектеп оқушысы қатысты.
Акция барысында қала мектептерінің бітіруші сынып оқушылары мен колледж студенттері университет базасымен, профессор-оқытушылар құрамымен, ғалымдармен, студенттермен танысып, университеттің жетістіктері мен заманауи мүмкіндіктері туралы ақпараттармен алмасты. Факультетке қарасты білім беру бағдарламалары туралы бейнебаян таныстырылды және факультет түлектерінің бейнебаяны көрсетілді.  Ашық есік күніне арналған кездесуді басқарма төрағасының орынбасары, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Исабек Баршагүл Қашқынқызы  ашып, оқушыларға сәттілік тілеп, 85 жылдық тарихы бар «Ұстаздар ұстаханасы» саналатын қара шаңыраққа оқуға шақырды.   Кәсіптік бағдар және мансап орталығының басшысы Ғалымжан  Шәмшидинұлы Битұрсын ОҚМПУ да дайындалатын Білім беру бағдарламаларымен   таныстырды.   Факультет деканы Оразбаева  Эльмира Бейсенбайқызы  факультет тарихы, факультеттің оқытушы-профессор құрамы, факультетте дайындалатын білім беру бағдарламалары туралы айтты.  Оқушыларға мамандық таңдаудан қателеспеулерін, педагог мамандардың сұраныста екенін түсіндіріп өтті және сәттілік тіледі. Факультеттің үздік студенттері Президенттік шәкіртақы иегерлері Г.Сұлтанмұратова, М.Гусейнова оқушыларға өздері таңдап түскен ОҚМПУ-дың ерекшеліктері мен білімгерлерге жасалған ерекше жағдайлар жайлы әсерімен бөлісті. Талапкерлерге университетіміздің нұсқаулық журналы, буклеттер, факультеттің  білім беру бағдарламалары туралы буклеттер мен кітапшалар берілді.