ПӘКІСТАНДЫҚ ҒАЛЫМ ДӘРІС ОҚИДЫ

 

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Пәкістан Ислам Республикасының ғалымы дәріс оқиды. Фейсалабад мемлекеттік колледж университетінің профессоры, PhD Махмуд Ур-Рахман Ансариды бүгін университет Басқарма төрағасы-ректоры Гүлжан Сүгірбаева арнайы қабылдады.

Кездесуде қос тарап ынтымақтастықтағы елдер тарихы мен мәдениеті туралы ой қозғады. Білім беру саласындағы ерекшеліктер мен өзгерістерге тоқталды.

Шетелдік ғалым «Биоинформатика және биотехнология» кафедрасының «6В01505-Биология мұғалімін даярлау», «7М01505-Биология педагогін даярлау», «8D01505-Биология педагогін даярлау» білім беру бағдарламаларының білім алушыларына 1 ай көлемінде дәріс, семинарлар жүргізеді.

Сондай-ақ, магистранттар мен докторанттарға ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша консультация береді және профессор-оқытушылар құрамына шеберлік сағаттары мен арнайы тренингтер өткізетін болады.