Атқарылған іс-шаралар

16.04.2021 ж.күні Білім алушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыра отырып, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Жастар арасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында Шымкент қаласы  Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының Анықтау бөлімінің бастығы, полиция майоры – О.О.Әлжанов пен Шымкент қаласы  Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының Анықтау бөлімінің аға анықтаушысы, полиция аға лейтенанты – Р.Б.Нұрашевпен кездесу өтті.

 

 

 

Әлеуметтік сауалнама

2020-2021 оқу жылында оқу-білім беру үдерісіндегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейін анықтау мақсатында «Univer» жүйесінде «Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қатынасы» атты әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қатысқан 4271 респонденттің:
- 98,8% ЖОО-да сыбайлас жемқорлық көріністері жоқ екенін;
- 99,1% ЖОО-да сыбайлас жемқорлық жағдайларына тап болмағанын;
- 99,1% ЖОО-ғы сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің бастамашысы студенттер (топ басшысы) болып табылмайтынын;
- 98,9% ЖОО-ғы сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің бастамашысы пән оқытушысы болып табылмайтынын;
- 98,8% ЖОО оқытушылары тарапынан бопсалау фактілерінің жоқтығын;
- 97% сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін себеп – қанағаттанарлықсыз немесе 4 баллдан төмен балл алудан қорқу емес екенін;
- 99,1% ЖОО-дағы ықтимал сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға дайын екендіктерін;
- 99,1% ЖОО қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділік деңгейін оң деп бағалайтындарын атап көрсеткен.

 

 

16.03.2021ж.күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшылығымен білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында онлайн форматта кездесу өтті. Кездесуде департамент басшысы Асхат Жұмағали, оның бірінші орынбасары Талғар Серікбаев және ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Сәкен Мәжінбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістермен университет ұжымын таныстыра келе, жастарды тәрбиелеудегі білім беру орындарының рөліне ерекше тоқталып өтті.  Кездесу соңында университетіміздің ректоры Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бойынша оқу ордамызда атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасады.
Шараны қорытындылаған департамент басшысы Асхат Жұмағали университет ұжымын келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, елге адал қызмет ететін, саналы ұрпақты тәрбиелеуде бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.

   

02.02.2021ж. күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалалық департаменті және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАЛАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ. Zoom платформасында онлайн форматта өткен жиынға департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, «Шымкент-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ж.Қамбар, Республикалық "Саналы ұрпақ" жобалық кеңсесінің басшысы Қ.Тоқышев және Шымкент қаласының ЖОО, колледждер мен білім беру мекемелерінің басшылары, «Sanaly urpaq» клубы мүшелері қатысты.

   

 

2020 жылдың  7 қазан күні №2 Шымкент қалалық ауруханасында  «Сыбайлас жемқорлықты алдын алу» мақсатында «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы Қ.Анарбаев қатысып баяндама жасап қайтты.

2020 жылдың 9-10 қазан күндері Сарыағаш, Келес аудандарында  ОҚМПУ «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы т.ғ.к., доцент м.а. Қ.Анарбаев өңір тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау және 3 жылда атқарылып жатқан жұмыстармен   таныстыру. Осы орайда Қ.Анарбаев ұлттың бойындағы Рухани құндылықтарды одан арықарай дамытуға және де  өздерінің жауапкершілік сезімдерін ояту, жастардың бойына сіңіру, ұлттық жобаны бірге іске асыру мақсатында баяндама жасады .

 

2020 жылдың 14  қазан күні Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында жазушы журналист Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Мархабат Байғұттың "Түркілер төрі Түркістан" кітабының тұсаукесері өтті. Іс- шараға ОҚМПУ «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы Қ.Анарбаев қатысып, баяндама жасады. Кездесу барысында жаңа кітаптың құндылығы, ерекшелігі жайында жан-жақты пікірлері ортаға салынып, жиын соңында  алғыс хатпен марапатталды. 

 

2020 жылдың 22 қыркүйек күні Шымкент қаласы «Адалдық алаңы» қызмет орталығының ұйымдастыруымен өткен «Парасаттылық құндылықтарды  қалыптастыру» атты тақырыпта онлайн сұқбат болды.    Сұхбатқа «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы Қ. Анарбаев қатысты.  https://www.facebook.com/depshymkent/videos/338711844045998

Описание: C:\Users\admin\Downloads\20200923_092804.jpg

 

2020 жылдың 2 қырқүйек күні Шымкент қаласы «Адалдық алаңы» қызмет орталығының ұйымдастыруымен өткен «Өскелең ұрпақтың тәрбиесі адалдық, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» атты тақырыптағы онлайн сұқбатқа    Рухани жаңғыру және тәрбие бөлімінің басшысы Қ. Анарбаев қатысты. Сұхбат барысында сыбайлас  жемқорлықпен күрес қоғамдағы ең өзекті мәселе екеніне назар аударылып, тарихи жағдайда ата-бабаларымыздың адалдық пен адал өмір сүру қағидаттары бойынша әңгіме өрбіді. Осы мәселелерге қатысты тарихи деректік маңызы мол әңгімелер мен пікіралмасулар 2020 жылдың 3 қыркүйек күні Шымкент қаласы, Қаратау ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімінде ұйымдастырылған «Адалдық алаңы» онлайн іс –шараларында одан ары жалғасын тапты.