ОҚПУ-да «Денсаулық» спартакиадасы басталды

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында «Денсаулық» спартакиадасы басталды.

Спартакиаданың мақсаты — ұжым қызметкерлерінің байланысын нығайту, дене шынықтыру және спорт денасулықтың кепілі екенін насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

Жарысты университет Басқарма төрағасы-ректоры міндетін уақытша атқарушы Айнаш Құдышева мен Басқарма мүшесі-стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек құттықтау сөзбен ашты.

Жарысты «Тұран» спорт клубы мен «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» және «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» кафедралары ұйымдастыруда. Қатысушылар баскетбол, волейбол, кір тас, шахмат, стол теннисі, арқан тартыс сияқты спорт түрлерінен сайыспақ.