МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАНДАЙ?

 

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Роза Сыдықованың ұйымдастыруымен “Қазақстандағы музыкалық білімнің дамуындағы заманауи мәселелер” тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Семинарға Музыкалық білім кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, Абай атындағы ҚҰПУ Музыкалық білім кафедрасының доценті, п.ғ.к. Лаура Кәкімова және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Орындаушылық өнер кафедрасының профессор м.а. Айжан Тобағабылова онлайн түрде қатысты.

Семинар барысында музыкалық білімді дамытудағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Мәселен, музыка пәнін оқытуда оқушыны жаңа технология, әдебиеттермен қызықтыра білу, музыкалық аспаптар арқылы ынтасын ояту, жаңашыл ізденістерді арттыру қажет. Қатысушыларға жиында қозғалған проблемалар бойынша алдағы міндеттер нақтыланды.