Аружан — ТМД-ның үздік студенті!

 

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 2-курс студенті Аружан Әміреш “ТМД-ның үздік студенті” халықаралық байқауына қатысып, жеңімпаз атанды.

Аружан филология факультеті, ағылшын тілі кафедрасының болашақ маманы. Ол “Bilim-Orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Үздік студенттер академиясының ұйымдастыруымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының студенттері арасында өткізілген халықаралық сайысқа өзінің шығармашылық жетістіктері бойынша автографиялық деректерін ұсынған болатын. Іріктеу кезеңінде жетістіктерін растайтын құжаттары бойынша студенттің ғылыми мақалалары мен сертификаттары да сарапқа салынды. Аружан — Елбасы медалі мен «Үздік ғылыми жұмыс авторы» төсбелгісінің және түрлі сайыс бойынша бірнеше дипломдардың иегері. Жетекшісі —ағылшын тілі кафедрасының оқытушысы Әсел Сәдуақасова.

Байқау қорытындысы бойынша Аружан І-дәрежелі диплом мен «ТМД-ның үздік студенті» төсбелгісімен марапатталды.