Студенттер қосымша оқу грантына ие болды

28.04.21

 

 

"Үміт" білім алушыларға қызмет көрсету орталығы қосымша білім грантына ие болған студенттердің тізімін жария етті. Білім және ғылыми министірінің бұйрығына сәйкес  2020-2021 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне жоғары білім алу процесінде босаған  12 білім беру гранты берілді. Оның үшеуі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау, екеуі шет тілдері педагогтерін даярлау және   екеуі математика мұғалімдерін даярлауға берілді. Сондай-ақ   биология,  химия,  музыка және  арнайы педагогика  мамандықтарына бір-бірден грант бөлінді.