Ізденіс пен талпыныстың жемісі

18.05.21

 

  

ОҚМПУ-дың Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі “ҚР Жоғары оқу орындарына сұраныстың ұлттық рейтингі 2021” рейтингісіне қатысуы

 

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі IAAR  - рейтинг әдіснамасы Академиялық саралау мен үстемдік бойынша Халықаралық обсерваториясының ( IREG/ Observatory on Academic Ranking and Excellence) аудитінен сәтті өткен және IREG Approved/  IREG  Мақұлданды жоғары сапа белгісін алған Қазақстандағы алғашқы және әлемдегі бесінші ұйым. Бұл көрсеткіш IAAR жоғары оқу орындары рейтингінің әлемдік стандарттарға толығымен сәйкестігін және оқу орындарын жоғары білім сапасына жетелейді.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына сұраныстың ұлттық рейтингісіне (2021) – 85 тен аса көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, медициналық және педагогикалық, сондай-ақ өнер бағытындағы жоғары оқу орындары қатысты.

“ҚР Жоғары оқу орындарына сұраныстың ұлттық рейтингі – 2021” рейтингісіне білім беру бағдарламаларының барлық бағыттары мен деңгейлері (бакалавриат, магистратура және докторантура) бойынша рейтинг жүргізілді.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің IAAR – “ҚР Жоғары оқу орындарына сұраныстың ұлттық рейтингі -2021” рейтингісіне ОҚМПУ-дан 61 білім беру бағдарламалары қатысты яғни, бакалавр бойынша – 33, магистратура бойынша – 18, докторантура бойынша – 10.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің IAAR  - “ҚР Жоғары оқу орындарына сұраныстың ұлттық рейтингі – 2021” рейтингісінің 2020-2021 оқу жылындағы нәтижесінде  ОҚМПУ  Қазақстан Республикасы ЖОО-ның «ТОП-20» Бас рейтингі – 2021 -  9 орынға ие болды  (2019-2020 оқу жылында 10 орын).

Бакалавриат білім беру бағдарламалары салалары бойынша ҚР ЖОО-ның институционалдық Рейтингі – 2021 -  3 орынға ие болды (2019-2020 оқу жылында 4 орын).

Докторантура білім беру бағдарламалары саласы бойынша ҚР ЖОО-ның институционалдық Рейтингі – 2021 -  8 орынға  ие болды.    

 

Стратегиялық жоспарлау,менеджмент және мониторинг бөлімінің басшысы   А.А.Тұрлыбекова