СТУДЕНТТЕР КӘСІПТІК ПРАКТИКАҒА ЖІБЕРІЛДІ

 

Жаратылыстану факультетінің 4-курс студенттеріне 8 апталық педагогикалық практикаға және 4 апталық дипломалды практикаға жіберу бойынша орнықтыру конференциясы ұйымдастырылды. Факультет деканы, доцент А.Айтбаева конференцияны ашып, білім алушыларды кәсіптік практикаға жіберу туралы бұйрықтармен таныстырды және студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Педагогика кафедрасының әдіскері Ж. Қуатова және психология кафедрасының әдіскері А. Исабақова мектептегі педагогикалық- психологиялық бағытта жүргізілетін іс – шараларға шолу жасап, тапсырма түрлерімен таныстырды. Факультет бойынша барлығы 91 білім алушы 15 мекемеге кәсіптік практикаға жіберілді.