Оқуға түсу үшін құжат тапсыру форматы өзгерді

11.06.21

 

 

Пандемияға байланысты елімізде жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін құжат тапсыру форматы өзгерді. Енді ол онлайн жүйеде атқарылады.

Осыған орай Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде виртуалды қабылдау комиссиясы құрылып, 2021-2022 оқу жылындағы қабылдау комиссиясының жұмыстары басталып кетті. Сондай-ақ талапкерлерден құжат қабылдау ісіне биыл тағы да бірқатар жаңалықтар енді.