Жоғары білім беру кеңістігін интеграциялау және ортақ кеңістік құрудың қажеттілігі туындады

22.06.21

 

 

"Орта Азиядағы жоғары білім беру кеңістігі: аймақтық байланыстар, ұлттық реформалар" тақырыбында Түркістанда өткен халықаралық конференция оқу ордалары үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Басқосуда Европа және Орта Азия елдері білім-ғылым саласының басшылары баяндама жасады. Олар жоғары білім беру кеңістігін интеграциялау және ортақ кеңістік құрудың қажеттілігін атап өтті. Орта Азия жоғары оқу орындарының альянсын құру туралы меморандумға қол қою шарасына Европа университеттері қауымдастығы, Европа кәсіподақтар комитеті және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның ұлттық және жетекші жоғары оқу орындарының 20-дан аса ректоры қатысты. Сессия барысында жоғары білім беруді дамытудың басым бағыттары жөнінде пікіралмасу болды. Басқосуда сөз алған Европа жоғары оқу орындары қауымдастығының төрағасы Майкл Мерфи білімі дамыған ел қуатты мемлекетке айналатынын, азаматтық қоғаммен кірігіп, көкжиегін кеңейте алған білім ордаларының болашағы зор екенін атап өтті. Университет-ғылыми дамудың локомотиві,экономика мен қоғамның қозғаушы күші. Конференцияда оқу ордаларының ректорлары да интеграция мен өзара байланысты нығайту қажеттігі туралы пікірлерін ортаға салды!