Әріптестік байланыстар орнатылды

22.06.21

 

 

Орта Азия мемлекеттері Білім министрлерінің Түркістан қаласында өткен конференциясында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Исхақ Раззақов атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті және Ош университетімен әріптестік байланыс жасау туралы меморандумға қол қойды. ОҚМПУ-дың көрші мемлекеттің жоғары оқу орындарымен арадағы мұңдай байланысы Түркістан декларация аясында Орталық Азиядағы ғылым мен білімді дамытуға бағытталған алғашқы қадам болып отыр. Тарихи құжат көршілес екі мемлекеттің жоғары оқу орындарының интеграциясы мен білім кеңістігінің дамуына айрықша серпін бермек.