Шетелде оқуға конкурс жариялаймыз

05.08.21

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті «Академиялық ұтқырлық аясында шетелде оқуға арналған орындардың санын бөлу жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 22 шілдедегі №358 бұйрығымен академиялық ұтқырлық аясында Еуропаның жоғары оқу орындарында оқуға 2-3 курс студенттеріне (бакалавриат) конкурс жариялайды.

 

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі -  20.08.2021

Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы керек:

1) паспорттың көшірмесі

2) білімі туралы құжаттар:

    университеттің мөрі басылған студенттің транскрипті

3) өтініш берушінің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің, егер ол Қазақстан Республикасынан кету кезінде 18 жасқа толмаған болса, олардың шетелге шығуға рұқсат жазбаша келісімі.

4) студенттің көп балалы отбасы екенін растайтын құжат

5) оқушының ата-анасының болмауын растайтын құжат (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санатына)

6) студенттің мүгедектігін растайтын құжат

7) шет тілін білу деңгейін растайтын құжат (өтініш беруші келесі құжаттардың біреуін ұсынады)

- шет тілін білуін бағалаудың халықаралық жүйелері бойынша алынған сертификат, егер бар болса

- шет тілінің білімі бар студентті қабылдауға шетелдік жоғары оқу орнынан келісім-хат

    8) қазақстандық университеттің тест нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес) 

 

Ағылшын тілі бойынша тестілеу 25 тамызда өтеді.

Құжаттарды 205-кабинетке тапсырамыз ! (Д ғимарат)

Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөлімі