Университет QR -кодты ең көп пайдаланатындар қатарында

11.08.21

 

ОҚМПУ-і - QR кодты cканерлеу бойынша көшбасшылар қатарында. Бұл мәліметті "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы таратты.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде "Аshyg" қосымшасындағы QR жүйесі өте тиімді пайдаланылуда. Қосымшаны белсенді қолданғаны үшін оқу ордасына ASHYQ-Лидер" мәртебесі берілді. Бүгінгі таңда екі оқу ғимараты мен студенттер үйіне осы жаңашылдық енгізілген.  Университет ASHYQ" жүйесіндегі QR кодты осы жылдың мамыр айында алғашқылардың бірі болып қолдана бастады. Қосымша студенттер мен оқу ордасы қызметкерлерін ауру қатерінен қорғауда тиімділігін көрсетті.