ТАЗАЛЫҚ ТАҒЛЫМЫ

04.10.21

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің әкімшілік басқармасына қарасты барлық техникалық құрам қызметкерлері мен жастар саясаты бөлімінің жастары жалпықалалық сенбілікке қатысты. Олар Ахмет Байтұрсынов, Қайрат Рысқұлбеков, Ахмет Байтұрсынов көшелерінің бойын сыпырып, ирригациялық арықтарды қоқыстардан тазартты. Сондай-ақ ағаштардың түптерін әктеп  шықты. Әрбір азамат қала тазалығына көңіл бөліп, төңірегін ластамаса, Шымкент еліміздегі ең экотаза қалаға айналатын болады.  Осы ұстанымды жастардың бойына сіңіруді мақсат тұтқан Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті студенттерге тек білім берумен ғана шектелмейді, оларды еңбекқор болуға да тәрбиелейді.