Оқу әдістемелік жұмыстар

 

 

БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ  ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ

 

       Биология кафедрасының білім мазмұнын анықтайтын құжаттармен қамтамасыз етілуі (мемлекеттік стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, жұмыс оқу бағарламалары).

Биология кафедрасында 6В01505-Биология мұғалімін даярлау, 6В05101-Биология, 5В011300- Биология  және   5B060700-Биология білім беру бағдарламалары қажетті нұсқаулық-нормативтік құжаттармен қамтамасыз етілген: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен (ҚР ЖММББС),  типтің оқу жоспарымен,  жұмыс оқу жоспарларымен, білім беру бағдарламаларымен. Университетің Ғылыми кеңесінде бекітілген ББ негізінде жұмыс оқу жоспарлары (силлабус) дайындалған. Оқытылатын  пәндер бойынша дайындалған   жұмыс оқу жоспарлары (силлабус), студенттерге арналған оқу құралдары және оқу-әдістемелік құралдар, нұсқаулар кафедраның мәжілісінде және Жаратылыстану факультетінің   кеңесінде қаралып, бекітілген.

Барлық  білім беру бағдарламаларына арналған элективті пәндер каталогы, пән кешендері дайындалып, кафедра мәжілісінде   бекітілген. Барлық пәндер бойынша семестр ішінде 1,2 межелік және қорытынды бақылау   алынады, ағымдағы бақылау бағалары қойылады. Білім денгейін аралық және қорытынды бақылаудан өткізу үшін тестік жүйе бойынша тапсырмалар дайындалып, тіркеу офисіне өткізілді. Сонымен қатар жазбаша межелік бақылау, емтихан билеттері дайындалып деканатқа өткізілді. Тест және жазбаша  сұрақтардың сапасы және оқу бағдарламасына сәйкестігі әдістемелік комиссия шешімімен бекітілген.

Студенттердің білім деңгейі мен оқу көрсеткіштері кафедра меңгерушісі, факультет тарапынан бақыланады, нәтижесі емтихан сессиясында қорытындыланады. Әр топтың сессиядағы орташа балдары есептелініп кафедраның ағымдағы жұмыс жүргізу сапасы мен көрсеткіштері туралы мәлімет түзіледі.

Университетте компьютер класстары мен интернет орталығы жұмыс жасайды. Мұнда студенттерге шынайы және виртуалды режимдерде жұмыс жасауға мүмкіндіктер жасалған. Қазіргі таңда кафедра оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерімен қамтамасыз етілуі үшін (ағылшын тілінде) белсенді жұмыстар атқарылуда, атап айтқанда кітапхана арқылы Алматы, Астана баспаханаларынан әдебиеттер сатып алу үшін жұмыстар жүргізілуде.

 

 Кафедра пәндерінің типтік оқу бағдарламасы, оқу бағдарламасы және жұмыс оқу бағдарламалармен қамтамасыз етілуі. Жеке оқу жоспарлары мен элективтік пәндер каталогы  

6В01505- Биология мұғалімін даярлау және 6В05101-Биология  ББ бойынша міндетті пәндер мемлекеттік стандарттармен қамтамасыз етілген. Биологияға кіріспе, Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы, Омыртқасыздар зоологиясы, Биотехнология, Генетика және гендік инженерия, Инновациялық технологиялар, мектепте оқыту процесін ұйымдастыру және педагогикалық шеберлік, Генетика және гендік инженерия, Инновационные технологии, организация процесса обучения в школе и педагогическое мастерство, Генетика және генная инжинерия, Генетика және гендік инжинерия, Эволюциялық ілім, Биологияны оқыту әдістемесі, Микробиология және вирусология, Микроағзалар физиологиясы, Human Anatomy, Human and Animal Physiology, Structure and content of modern, Biology in high school (Қазіргі заманғы Биологияның құрылымы мен мазмұны), Cytology and Histology (Цитология және Гистология), Анатомия  и морфология  растений, Зоология беспозвоночных оқу жылында пәндерінен жұмыс оқу бағдарламалары дайындалған.

Кафедрадағы пәндер бойынша дайындалған жұмыс оқу бағдарламаларының сапасы ЖОО оқу-әдістемелік талаптарына сай келеді.   Кафедрадағы оқу-әдiстемелiк жұмыстардың жоспары кафедра мәжiлiсiнде талқыланып бекiтiлген, атқарылған оқу-әдiстемелiк жұмыстар  оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына және оқытушылардың жеке жоспарына сәйкес жүргiзiлдi.

 

 Оқытушылардың біліктілігін арттыру жөніндегі мәліметтер  

Осы оқу жылында кафедрада жалпы 12 ПОҚ  біліктілігін арттырды, оның ішінде Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА «Алтынсарин курстарының» семинарлар бағдарламасы бойынша ҚР ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруда «Білім берудегі менеджмент» курсы бойынша 2 ПОҚ, Назарбаев зияткерлік мектебі ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрларды даярлайтын ЖОО ПОҚ-ның біліктілігін арттыру  білім беру бағдарламасы бойынша 2 ПОҚ, ҒЫЛЫМНҰР біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығыда 10 ПОҚ біліктіліктерін арттырды.

 

Білім алушының өзіндік жұмыстарының  орындауы және  бағалануы

Кредиттік оқу жүйесінде студенттң өзіндік жұмысының (БӨЖ) орны ерекше. БӨЖ студент білімінің тереңдігі мен орнықтылығына, дағдыларына, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің 6ipi болып саналады. БӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі болады және өз ойын еркін, дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.

             

  БӨЖ ұйымдастыру және қабылдау технологиясы мынандай этаптардан тұрады:

  •  БӨЖ жоспарлау,
  •  Әдістемелік жағын камтамасыз ету,
  •  БӨЖ бақылау және бағалау, талдау және одан ары дамыту.

               -   БӨЖ eкi бөліктен тұрады:

  • оқытушы басшылығымен студенттің орындайтын өзіндік жұмысынан (ОББӨЖ),
  • студенттің өздік жұмысынан (БӨЖ) турады.

Кредиттік технологияны енгізу туралы кұжаттарға сәйкес ОБӨЖ үшін бөлінетін уакыттың көлемі аудиториялық сабақтарға бөлінген уақыттан кем болмауы кажет. БОӨЖ бөлінген уақыт оқытушының жүктемесіне кіреді және оны кафедра мәжілісінде 20.08 2020 ж. № 1 хаттамада қарап, талқылаған және кесте бойынша жүргізіледі. Жоспарланған БӨЖ тақырыптары мен қабылдау түрі, уақыты, көлемі т.б. мәліметтер оқытушының әр пән үшін жасаған жұмыстық жоспарында және кафедраның оқу-әдістемелік құжаттарында көрсетілуі тиіс. Әр пән үшін БӨЖ өткізу формасы мен түрін таңдауда оқылатын пәннің мақсаттары мен міндеттерін, студенттердің даярлығын және БӨЖ-ге бөлінген сағат санын ескеру қажет. БОӨЖ-ге шартты түрде блок, курстық жумыстар, графиктік және есептеу жұмыстары сиякты бақылаудың түрлерін енгізген. Әр пән үшін БӨЖ тақырыптарының тізімі, орындалуы, қабылдауы т.б. жұмыстар кафедра меңгерушісінің бекіткен кестесі  негізінде жүргізіледі. Білім алушының  өзіндік жұмысы (БӨЖ) оқу іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Өзіндік жұмыста студент оқу процесінің белсенді мүшесі, бұл оқытуды жекешелендірудің негізгі құралы.    

 

 Кафедра оқытушыларының оқытудың жаңа және белсенді инновациялық әдістері мен техника оқу құралдарын қолдануы туралы. Кафедра оқытушыларының өзара сабаққа қатынасуы, оның әдістемелік талдауының сапасы. Ашық сабақтар туралы.   

Биология кафедрасында қазiргi заманғы педагогикалық технологиялар мен оқытудың жаңа әдiстерiн ендiру мен студенттердiң танымдық қызметiн белсендiру саласында жоспарлы жұмыстар жүргiзiлді. Онлайн ZOOM платформасында оқытудың интерактивті әдістері бойынша презентациялар жүйелі түрде ұйымдастырылып отырды. Сондай-ақ дәрістер, практикалық және зертханалық сабақтар тек теориялық ғана емес, визуалды да видеороликтер пайдаланылу арқылы да жүргізіліп отырған. Биология кафедрадасында өткiзiлетiн пәндер бойынша лекция, лаборатория және практикалық сабақтардың мазмұндылығын, өту сапасын арттыру мақсатында профессор-оқытушылардың өзара сабаққа  және  ашық сабаққа қатысу кестесi жасалған (№1 хаттама 20.08.2020). Кафедра меңгерушiсiнiң және оқытушылардың өзара сабаққа қатысуы оқу жылының басынан бастап жүргізілді. Кесте бойынша әрбiр профессор-оқытушылардың сабағына тағайындалған комиссия мүшелерi қатысады. Профессор-оқытушылар өздері қатысқан сабақтардың талдауын арнайы өзара сабаққа қатысу журналына тiркеген.

  Кафедра меңгерушісінің және оқытушыларының ашық сабаққа қатысуы оқу жылының басында кафедраның оқу жоспары негізінде жасалған.   Профессор-оқытушылар өздері қатысқан сабақтардың талдауын арнайы ашық сабаққа қатысу журналына тіркеген. Онда жетістіктері, кемшіліктері, қолданған көрнекі құралдары, сабақтың қай деңгейде инновациялық әдістерді игергендігіне көңіл бөлінді.

 Кафедра ПОҚ өз сабақтарында төмендегідей казіргі заманғы педагогикалық жаңа технологияларды кенінен пайдаланады. Атап айтсақ:

1. Оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және ой, зейін, қабылдау, қиялды жақсарту мақсатындағы әдістерді;
2.Мәселелі жағдаят тудыратын әдістерді;
3.Топтық жұмыстар және олардың арасындағы қарым-қатынасты басқару әдістерін.

4.Танымдық белсенділікті арттыруға бағытталған әдістерді.
5. Ынталандыру және біліктілікке бағытталған оқыту әдістерін.  

6. Әртүрлі форматтағы  пікірталастар әдісін;

7. Кейс-стади әдісін (нақты жағдаяттарды сараптау).

Сонымен қатар, барлық ПОҚ сабақтарында видеороликтер, презентациялар, анимациялар қолдануда, лекцияларды конференция түрінде өткізеді.

Кафедрада өткiзiлетiн пәндер бойынша лекция, лаборатория және практикалық сабақтардың мазмұндылығын, өту сапасын арттыру мақсатында профессор-оқытушылардың өзара сабаққа қатысу кестесi жасалған.  Кафедра меңгерушiсiнiң және оқытушылардың өзара сабаққа қатысуы оқу жылының басынан бастап жүргізілді. Кесте бойынша әрбiр профессор-оқытушылардың сабағына тағайындалған комиссия мүшелерi қатысады. Профессор-оқытушылар өздері қатысқан сабақтардың талдауын арнайы өзара сабаққа қатысу журналына тiркеген. Онда жетiстiктерi, кемшiлiктерi, қолданған көрнекі құралдары туралы нақты жазылған.

Кафедрада өткізілетін пәндер бойынша лекция, лабораториялық, практикалық және БОӨЖ сабақтардың мазмұндылығын, өту сапасын арттыру мақсатында профессор-оқытушылардың ашық сабаққа қатысу кестесі жасалған. Кафедра меңгерушісінің және оқытушыларының ашық сабаққа қатысуы оқу жылының басында кафедраның оқу жоспары негізінде жасалған. Кесте бойынша тәжірибелі профессор-оқытушылардың сабағына кафедра мүшелері қатысып отырды. Профессор-оқытушылар өздері қатысқан сабақтардың талдауын арнайы ашық сабаққа қатысу журналына тіркеген. Онда жетістіктері, кемшіліктері, қолданған көрнекі құралдары, сабақтың қай деңгейді «инновациялық әдістерді» игергендігіне көңіл бөлінді. 2020-2021 оқу жылының кафедрада 11 өзара сабаққа қатысу жоспарланып өтілді. Жоспарланған 4 ашық сабақ өтілді, жоспардан тыс 1 ашық сабақ өтілді.

Кафедра бойынша 4 ашық сабақ жоспарланған, оның біреуі  оқытушы бала кутумі бойынша демалысқа шығуына байланысты орындалмады, 1 ашық сабақ жоспардан тыс орындалды.

 

  Кафедралардағы ғылыми-әдіснамалық және әдістемелік секция мен семинарлардың жұмысы туралы

Кафедрада оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша оқу жылының басында  оқу-әдістемелік жұмыстардың жоспары бекітілген.   Жоспарға инновациялық жұмыстар, кафедра ОПҚ оқу-әдістемелік құралдарын, электронды оқулықтар баспадан шығару жоспары, ашық сабақтарды өткізу кестесі, өзара сабаққа қатысу кестесі мен оқу-дала практикасын ұйымдастыру жұмыстарының жоспары енгізілген. Инновациялық жұмыстардың жоспарына электронды оқулықтар дайындау және оларды дәріспен лабораториялық сабақтарға қолдану тәсілдері, мультимедиялық аппараттарды қолдану, сонымен қатар бірнеше тақырыпта жаңашыл инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданып сабақтар өту енгізілген. Аталған жұмыстар жоспар бойынша орындалып, хаттамалары тіркелген.

Кафедрада «Жаңартылған білім беру аясында білім мазмұнын жаңарту және оқытудың тиімділігін арттыру жолдары» атты оқу-әдістемелік вебинар өткізілді. Ол болашақ мамандық тұрғысынан күнделікті өмірден алынған теориялық проблемалар мен мәселелерді шешуге бағытталды. Семинар барысында әріптестер жаңа білімді қалайша өздігінен толықтыру, жетілтіру керектігін көрсетіп ой бөлісті.

Әдістемелік жұмыс жоспары бойынша пәндердің жұмыс бағдарламаларының, силлабустардың сапасы мен дайындығы, әдістемелік құралдарды баспадан шығарудың орындалуы мен сапасы, пәндердің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуі, инновациялық тәсілдерді оқу процесіне енгізу, емтихан, сынақ, тест тапсырмаларының сапалылығы, оқу-дала практикасын ұйымдастыру мен өткізу туралы, т.б. мәселелер қаралды.

 

 Кафедрада орындалған оқу-әдістемелік жұмыстардың сапасы туралы. (оқулық, оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал, силлабус, лабораториялық, практикалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары).  

Профессор-оқытушылар құрамымен оқулық, оқу құралы, оқу-әдістемелік құралдар, нұсқаулар, силлабус, оқу кешені, лабораториялық, практикалық  жұмыстардың, курстық және диплом жұмыстарын жазудың әдістемелік нұсқаулары,  кәсіптік практиканың бағдарламалары дайындалды. Дайындалған оқу-құралдары мен оқу-әдістемелік құралдары және т.б. кафедра, факультет мәжілісінде талқыланып, университеттің оқу әдістемелік кеңесіне ұсынылды.

Кафедра профессор-оқытушылар құрамы баспадан шығарылған оқулықтары, оқу құралдар және оқу әдістемелік нұсқауларын сапасы түрде, кредиттік оқыту жүйесінің талаптарына сай дайындаған. Дайындалған оқулықтар, оқу құралдары және т.б. кафедраның әдістемелік кешенінде қаралып, талқыланып, ғылыми мектеп кеңесінде қарауға және баспадан шығаруға ұсыныстар жасалады. Баспаға ұсынылған оқу құралдырының хаттамалары және пікір берушілердің пікірлері кафедрада тіркелген.

2020-2021 оқу жылында кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспары бойынша 9 оқу құралы, 3 оқу-әдістемелік құралдар, 12 әдістемелік нұсқаулар, 5 лекция жинағы жоспарланған,  жоспардан тыс 1 монография және 3 оқу құралы шығарылды. Оқытушылардың дайындаған оқу-әдістемелік құралдары кафедра мәжілісінде талқыланып, оның сапасына көңіл аударылды. Оқытушылардың дайындаған оқу-әдістемелік құралдары кафедра мәжілісінде талқыланып, оның сапасына көңіл аударылып отырылды.  

 

 

 

Оқу жылы

Оку кұралдары саны

Оку-әдістемелік құралдар саны

Электронды оқулық

 

17-18

9

14

1

18-19

11

9