Қоғамдық кәсіптер даярлау орталығы

Қоғамдық кәсіптер даярлау орталығы 

Орталықтың негізгі мақсаты – студент жастарға эстетикалық тәрбие беру және бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру, талантты жастарды жарыққа шығаруға ықпал ету, түрлі ұжымдарда әлеуметтік-мәдени, тәрбие және сабақтан тыс жұмыс жүргізуге дайын жаңа буын ұстазын даярлау. Қосымша кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асыру  мақсатында құрылған орталық заманауи технологияларды пайдалану арқылы сабақтан тыс уақытта студенттердің шығармашылық қабілетін шыңдау, олардың адамгершілік, азаматтық тұлғасын қалыптастыруды көздейді. Үйірмеге тұрақты қатысып, белсенділік танытқан әр студент жыл соңында арнайы сертификат алып, қосымша мамандық иесі атана алады.