Спортклуб

2021 жылдың 25.11- 02.12. күндері аралығында Румыния мемлекеті, Бухарест қаласында қол күрестен Әлем чемпионаты өтті. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің "Дене шынықтыру және спорт" факультетінің студенттері осы Әлем чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанды. Атап айтсақ:

Ақтай Бекқуат - 1 орын

Ерсайын Мейрамбек - 1 орын

Әуесбек Медет - 1 орын 

Айтбек Бекет - 1 орын 

Қаржау Есболат - 1 орын 

Хали Қасымжомарт - 2 орын

Абрахман Бекбол - 2 орын 

Зиядулла Мақпал - 2 орын 

Рахмет Азамат - 3 орын  иеленді. 

Спортшыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.  Биіктерден көріне беріңіздер деп тілейміз.

Шымкент қаласының ЖОО арасында "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне-30 жыл" толуына орай волейболдан қыздар арасындағы жарыста Дене шынықтыру және спорт факультетінің ОҚМПУ командасы 1-орын  алды.  Спортшыларымызды шын көңілмен құттықтаймыз. Бағындырар белестеріңіз көп болсын. Біз сіздермен мақтанамыз. ОҚМПУ алға.

Қазан айының 21-де токио Олимпиадасының қола жүлдегері,оқу орнымыздың түлегі Асадилов Дарханмен кездесу өтті.

Қазан айының 1-2 күндері Келес ауданында «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесі үшін қазақ күресінен турнир өтті.Жарысқа 17 команда қатысты ОҚМПУ командасы екінші орын алды.

Стамбул қаласында каратэден өткен әлем чемпионатында 1-курс студентті Әбен Меруерт бірінші орын иеленді,3курс студенті Құлажан Олжас екінші орын алды,Дене шынықтыру кафедрасының магистр оқытушысы Катешов Мади екінші орын иеленді.

Қазан айының 1-7 күндері Шымкет қаласында тоғызқұмалақтан өткен ҚР-ның чемпионатында 4-курс студентті Тұрғынбекова Гүлден жарыс жеңімпазы атанды.