Жаңалықтар

             

 

2021 жылдан бастап әр ЖОО ӨЗІНДІК ҮЛГІДЕГІ диплом беретін болды

13.07.21

 

1. Дипломның алдыңғы бетінде университеттің атауы көрсетілген, логотипі бейнеленген.

2. Дипломды растаудың QR коды дипломның артқы бетінде төменгі бөліктің сол жақ бұрышында орналасқан.

3. Институционалды аккредиттеудің  логотиптері диплом бланкісінің ішкі бетінің жоғарғы бөлігінің оң жақ бұрышында орналастырылған.

 

 

Ғылыми-зерттеу гранттарына дайындық басталды

30.06.21

    

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде ғылым және инновация жөніндегі проректор Ержан Рахымжанұлы Керімбековтың бастауымен ҚР БҒМ ҒК гранттық  қаржыландыру конкурсы бойынша ғалымдармен бас қосты. Кездесу барысында гранттық өтінімді дұрыс рәсімдеу және зерттеу тобы мен жетекшіге қойылатын талаптар туралы сөз қозғалды. Кездесу соңында проректор Ержан Рахымжанұлы гранттық қаржыландыру бойынша сұрақтарға жауап берді.

Оқуға түсу үшін құжат тапсыру форматы өзгерді

11.06.21

 

 

Пандемияға байланысты елімізде жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін құжат тапсыру форматы өзгерді. Енді ол онлайн жүйеде атқарылады.

Осыған орай Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде виртуалды қабылдау комиссиясы құрылып, 2021-2022 оқу жылындағы қабылдау комиссиясының жұмыстары басталып кетті. Сондай-ақ талапкерлерден құжат қабылдау ісіне биыл тағы да бірқатар жаңалықтар енді.

Университет QR -кодты ең көп пайдаланатындар қатарында

11.06.21

 

 

ОҚМПУ-і - QR кодты cканерлеу бойынша көшбасшылар қатарында. Бұл мәліметті "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы таратты. Оқу ордасына "Аshyg" қосымшасындағы QR код арқылы ену жүйесі жуырда ғана орнатылғанына қарамастан оқытушылар, студенттер мен қызметкерлер бұл жаңашылдықты түсіністікпен қабылдап, іс жүзінде пайдаланып келеді. Университетте қазір QR кодты тәулігіне 300-ден астам азамат қолдануда.

Беттер

Subscribe to RSS - Жаңалықтар