Талапкерлердің құжаттарын қабылдауды онлайн түрде ұйымдастыру

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің виртуалды қабылдау комиссиясы мен кеңес беру үшін арнайы телефондар мен бейнеқоңыраулар арқылы 5 байланыс аппаратымен қызмет көрсететін колл-орталық қарқынды түрде үздіксіз жұмыс жасауда. Комиссия мен колл-орталық өз жұмысын 2021 жылдың 28 тамызына дейін жүйелі түрде жалғастыратын болады.

Жоғары оқу орнына қабылдау Электронды үкімет порталы (ЭҮП) және АРМ мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылуда. (Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің виртуалды қабылдау комиссиясы 13 шілде мен 31 шілде аралығында 10 мыңға жуық талапкердің өтініштерін қабылдап, өңдеуден өткізді).