ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ұстаздары мен қызметкерлері Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша кірістер басқармасының мамандарымен кездесті. Қонақтар квазимемлекеттік сектор нысандары ретінде жалпыға бірдей декларация тапсыру мәселесі бойынша түсіндіру, талдау жұмыстарын жүргізіп, семинар кеңес өткізді.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. салаларды қамтитын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары 250-нысан бойынша декларация тапсыруға міндеттеледі. Бұл жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі. Басқарма мамандары жиылған қауымға аталған міндетті арнайы қосымша арқылы тапсырудың жолдарын ұғындырды.