ЗАРИНА ТОҒЫЗЫНШЫ СЕРТИФИКАТҚА ДЕЙІН ТОҚТАМАЙДЫ...

 

Жаңа оқу жылы университетімізде күнде жағымды жаңалықпен басталуда.

Күнде білім нəрімен сусындатып жүрген шəкірттеріміз өздерінің жеңісті олжаларымен ұстаздар мен ұжымды қуантуда. Соның бірі, жақында физика-математика факультетінің 2-курс студенті Зарина Дайрабай ҚР Ғылым жəне жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы Болон процесінің қағидаттарын іске асыру бойынша Coursera платформасында тоғыз оқу курсын оқып, жеті бірдей сертификатқа ие болды.

Айта кетерлігі, университет бойынша əзірге Заринаның алдына түскен студент жоқ. Аталмыш оқу жүйесі бойынша өзге оқу орындарында ізденушілер небəрі екі-үш сертификат алумен шектелуде екен. Зарина бұл межемен тоқтамақ емес, қалған екі курсты тəмамдаса тоғызыншы сертификатқа ие болар күн де алыс емес.

Заринаны бұл жетістікке оқытушылары Құралай Əтірбек пен Лаура Сүлейменова жетелеуде.