СҰЛТАНБЕК — РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ!

 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және денешынықтыру істері комитеті Шымкент қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында ҚР чемпионатын өткізді.

Айтулы спорт сайысында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті денешынықтыру және спорт факультетінің 2 курс студенті Сұлтанбек Әнуарбек бірінші орынды жеңіп алды.

Дзю-дзюцудан оқ бойы озық танылған Сұлтанбек 18-20 жас аралығындағы 77 салмақ дәрежесіндегі қарсыластармен бақ сынасты. Жеңімпазды алда халықаралық додалар күтіп тұр.