Вашингтондағы Абайтану орталығы

Бүгін Джордж Вашингтон университетінің Элиот халықаралық зерттеулер мектебіндегі Абайтану орталығында болдық. Виртуалды орталық қазақтың ұлы ақынының 150 жылдық мерейтойына орай 2020 жылы ашылған. Мұнда Абай шығармаларымен және қазақ мәдениетімен танысуға болады.

Абайтану орталығы Джордж Вашингтон университеті және Қазақстанның АҚШ-ғы елшілігінің ұйымдастыруымен ашылған. Ондағы мақсат ұлы ойшылдың шығармашылығында көрініс тапқан қазақ мәдениеті мен тарихы туралы кеңінен мағлұмат беру. Ақпараттық ресурста Абай Құнанбаевтың шығармаларымен танысуға болады.

Орталық мамандарының айтуынша ақынның әсіресе қара сөздері көпшілікке кеңінен танымал.

ОҚМПУ ректоры Гүлжан Сүгірбаева.