Бағдарламалық және техникалық қызмет көрсету бөлімі

Байырбекова Лаззат Мырзаханқызы бөлім бастығы

       

        Бағдарламалық және техникалық қызмет көрсету бөлімінің тарихы 1986 жылдан басталады. Сол кездері орта мектептерде «Информатика және есептеуіш техникасы» пәні сабақ ретінде енгізілді. Сондықтан мектептерге информатика мұғалімдерін дайындау мақсатында университеттің оқу процесінде КУВТ (оқу-есептеуіш техникасы кешені) қолдану мақсатында қажетті техника құралдары ретінде есептеуіш техникаларымен, соның ішінде алғашқы компьютерлермен жабдықтау басталды. Есептеуіш техникасын ғылым мен білім беруде Оңтүстікте ғана емес, Республикада алғаш болып қолданған ғалым ф.-м.ғ.к., ф.ғ.д., профессор Қалдыбай Бектаевтың еңбегін ерекше атап өткен жөн. Оның басшылығымен «Алгебра және ЕТ» деген кафедра ашылып, оның ашқан жаңалығы - тіл білімі мен есептеу техникасын ұштастырып, статистикалық лингвистиканың негізін салды, ғылымда Қ.Бектаевтың мектебі деген атауға ие болды. «Алгебра және Есептеу техникасы» кафедрасы информатика пәні мұғалімдерін, өз ісінің мамандарын даярлап жатқандықтан, осы кафедраның жанынан оқу процесін техника құралдарымен жабдықтау үшін арнайы лаборатория ашылып, жұмыс істей бастады. Лаборатория 1994 жылы «Алгебра және есептеуіш техникасы» кафедрасынан бөлініп, оқу әдістемелік бөлім ретінде жеке жұмыс істеді. Бөлімнің алғашқы меңгерушісі ф.-м.ғ.к. Б.Сариев болды. Оқу-әдістемелік бөлім 1996-2011 жылдары «Компьютер орталығы», «Есептеу орталығы», «Инновациялық технологияларды ендіру және ақпараттық сараптама орталығы» деп аталып, оған п.ғ.к Р.Қадырбаева, П.Алтынбекова, ф.-м.ғ.к. М.Сарыбаев, ф.ғ.к. Қ.Мамаев жетекшілік етті.  

      2013 оқу жылынан бастап орталықтың атауы «Ақпараттық және инновациялық технологиялар орталығы», «Цифрлік білім беру ресурстары орталыңы», ал 2020 ж. Қыркүйек айынан бастап «Бағдарламалық және техникалық қызмет көрсету бөлімі» болып өзгертілді. Бөлімді көп жылғы тәжірибелі маман, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының І. ІІ. ІІІ деңгейлі бағдарламасын толық меңгерген, Кембридж Емтихандар Кеңесінің шешімі бойынша тренерлік сертификатын иегері Л.Байырбекова басқарады. 

       Бөлімде білікті мамандар сайт администраторы А.Қалдаров., бас администратор Ж.Базаркулов., интернет ресурстарының администраторы А.Раманкулов., ДБ администраторы А.Каламбаев, баспахана меңгерушісі Н.Аблаев, дизайнер Н. Утенов,  инженер-электроншылар Е.Кадырбаев, Н.Нурлыбаев, инженер-бағдарламашылар Ө.Бердыбеков, Г.Сембекова және лператорлар  А.Ярмухамедова, А.Лес, А.Сахова  жұмыс жасайды.

         2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін университетте 647 компьютерлік техника, оның ішінде 279 дербес компьютер, 25 ноутбук және 343 моноблок бар. Сондай-ақ, 5 сканер, 226 лазерлі принтер, 8 түрлі түсті принтер, екі XYZhdprint 3D принтері, 4 мультимедиялық подиум, 10 A3 форматтағы көшіргіштер, 79 интерактивті тақталар, 8 мобильді мультимедиялық проектор, 1 FANTON4 драйвері, 4 сандық бейнекамера, 2 сублимациялық принтер (пластикалық карталарды басып шығару үшін).

       2019 жылы BilimLand білім беру платформасында 2 инновациялық IT-сынып ашылды, оның құрамына оқытушылар құрамына арналған BilimBook жеке оқу құралының 2 жиынтығы, 65 дюймдік интерактивті теледидарлық екі панель, 40 дана кірді. BilimBook Light - студенттерге арналған ноутбуктер.

Сонымен қатар, университетте 16-24 студентке арналған 8 Mindstorms Education EV3 LEGO роботтарымен жабдықталған 2 робототехникалық зертхана, 10 жинақ бар.

       «Мұғалімдердің білімін жетілдіру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Халықаралық Даму Банкінің қолдауымен 2019 жылы 6 моноблоктар зертханасы, 10 FisherTechnik робот жиынтығы, 10 Arduino робот жиынтығы, 2 Роботрек жиынтығы, K2030 CNC құрылғысы, Anet3d 3D принтері, сонымен қатар құралдар мен құралдар микрочиптерді құрастыру және қызмет көрсету құрылғылары. Қазіргі заманғы білім беру процесінде заманауи кең жолақты Интернетке қосылуды қолдана отырып, сапалы білім алуға көптеген мүмкіндіктер бар.