Стратегиялық жоспарлау, менеджмент және мониторинг бөлімі

Тұрлыбекова Алтынай Асанханқызы

Стратегиялық жоспарлау, менеджмент және мониторинг бөлімінің басшысы

Социология ғылымының кандидаты


  Стратегиялық жоспарлау, менеджмент және мониторинг бөлімі

            ИСО 9001:2008 ХС талаптарына сай институттың сапа менеджмент жүйесін  және оның ұдайы жақсарып отыруын  жұмыс барысында тиімді қолдану мақсатында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты  басшыларының ұсынысы бойынша Сапа менеджменті жүйесі бөлімі (СМЖБ) 14.11.2011 жылы  институт ректорының № 4-08 бұйрығымен ашылып, өз қызметін жүзеге асырып келеді. Институттың ұйымдастыру құрылымына өзгерістер енгізілуіне байланысты 29.08.2013 ж. № 4-99 бұйрығы бойынша Сертификаттау және аккредиттеу бөлімі, 08.01.2015ж. № 4-01 бұйрығы бойынша Менеджмент және мониторинг болып өзгертілді. Қазіргі уақытта Менеджмент және мониторинг бөлімін тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Тұрлыбекова Алтынай Асанханқызы басқарады.

Бөлім қызметкерлері:

Тұрлыбекова Алтынай Асанханқызы – бөлім басшысы;

Айдарова Амангул Амировна – бас маман;

Сатыбекова Эльмира Султановна – бас маман;

Омарова Райхан Дайрабаевна – бас маман;

Райымкулова Жанна Бегмановна – маман.

          Институт  2012 жылдың 7 шілде айында ISO 9001:2008 талаптарына сәйкес сертификаттаушы орган «Русский Регистр-Евразия (РРЕ)» ЖШС сыртқы аудитінен сәтті өтті және оған №12.0522.026 сертификаты тапсырылды. Сертификаттаушы орган – «Русский Регистр-Евразия (РРЕ)» ЖШҚ – 2012 жылы жоғары оқу орындарының рейтигісін жасады, соның нәтижесінде ОҚМПИ «СМЖ үздік жоғары оқу орны» деп мақұлданды.

       “Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта атау туралы қаулысына сәйкес  «Русский Регистр-Евразия (РРЕ)» ЖШС сертификаттаушы органы ОҚМПУ-да  ИСО 9001:2015 ХС сәйкес ресертификаттау жұмысын жүргізді. ИСО 9001:2015 ХС сәйкес №18.0698.026  2021 жылдың 23 мамырына дейін жарамды сертификатқа ие болды.  

   

              Білім беру процесінің сапасын мониторингілеу мақсатында МжМБ жыл сайын жоспарға сәйкес университет көлемінде  СМЖ ішкі  және сыртқы аудиттері жүргізіліп отырады.  

             ОҚМПУ Стратегиялық жоспарлау, менеджмент және мониторинг бөлімі өз қызметінде қолданыстағы ҚР заңдары мен заңдылықтарын, ХС ИСО 9001:2015 талаптарын, университет Жарғысы мен нормативті құжаттарды басшылыққа ала отырып, Сапа бойынша Басшылық Өкілі мен Үйлестіру кеңесінің шешімдерін жүзеге асырады.

Негізгі міндеттері:

1. ОҚМПУ сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) ұдайы жақсарту;

2. Құрылымдық бөлімшелерде ОҚМПУ сапа саласындағы саясатын және мақсаттарын жүзеге асыру;

3. ОҚМПУ  СМЖ құжаттарын әзірлеу, жүргізу және ендіру;

4. Сапа менеджменті саласында ОҚМПУ қызметкерлері мен студенттердің  ақпараттандыру және құзіреттілік деңгейін арттыру;

5. Аккредитациялау (институционалдық және мамандандырылған) бойынша дайындық жүргізу және жұмыстарды ұйымдастыру.

            ОҚМПИ 2015 жылы  2-4 сәуір аралығында  Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінен (БСҚТА) (НКАОКО) институционалдық аккредитациядан өтті. Институционалды аккредитацияның тіркеу нөмірі: IA №0057. Куәліктің беру күні: 20.04.2015ж. Жарамдылық мерзімі: 5 жыл.

             ОҚМПИ  2015 жылы 6-9 сәуір аралығында  23 мамандық  бойынша Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінен (БСҚТА) (НКАОКО) мамандандырылған  аккредитациядан өтті (ҚР БҒМ 2012ж. 27 маусымдағы №БҒМ-001 сертификаты)

            Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің БСҚТА (НКАОКО) сыртқы сарапшыларының институционалды және 23 мамандық бойынша мамандандырылған аккредиттеу бойынша берген ұсыныстарын  жүзеге асыру және ескертулерін жою жөніндегі постаккредиттеу есебі жыл сайын жүргізіліп отырады, 2017-2018 оқу жылы университет статусын алуына байланысты Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (БСҚТА) институционалды және мамандандырылған аккредиттеу бойынша университет қайта сертификатқа ие болды.

 

    

“Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі -2019” рейтингісіне ОҚМПУ-дан бакалавр мамандығы бойынша 33 мамандық, магистратура бойынша 10, докторантура бойынша 6 мамандық қатысты.

15 мамыр 2019 ж. күнгі «Казахстанская правда» газетінде жарияланған   ҚР ЖОО-ның  арасында АРТА (НААР) тәуелсіз агенттігі ұлттық рейтінгісінен “Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі -2019” нәтижесінде ОҚМПУ 2018-2019 оқу жылында  (Генеральный рейтинг) «Топ-20» ҚР жетекші жоғары оқу орындарының  арасында  8 орынға (2017-2018 оқу жылында 11 орын), институционалды рейтингісі педагогикалық бағытта мамандар даярлайтын ҚР жоғары оқу орындарының  арасында 4 орынға (2017-2018 оқу жылында 6 орын)  ие болды.

Педагогикалық бағытта Бакалавр мамандарын даярлайтын ҚР жоғары оқу орындарының  арасында  жүлделі орындарға ие болған төмендегі мамандықтар алғашқы үштіктен көрінді және сертификатқа ие болды:

  1. 5В010400- «Бастапқы әскери дайындық» – 2-орын, (2017-2018 оқу жылында 5 орын);
  2. 5В010500- «Дефектология»– 2-орын, (2017-2018 оқу жылында 6 орын);
  3. 5В010600- «Музыкалық білім» – 3-орын, (2017-2018 оқу жылында 3 орын);
  4. 5В010700 - «Бейнелеу өнері және сызу» – 1-орын, (2017-2018 оқу жылында 2 орын);
  5. 5В011500 - «Құқық және экономика негіздері» – 1-орын, (2017-2018 оқу жылында 4 орын);
  6. 5В012000 - «Кәсіптік оқыту» – 3-орын, (2017-2018 оқу жылында 8 орын);
  7. 5В012100- «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» – 2-орын, (2017-2018 оқу жылында 2 орын);
  8. 5В012800- «Физика-Информатика» – 1-орын, (2017-2018 оқу жылында 2 орын);
  9. 5В012500- «Химия-Биология» – 1-орын, (2017-2018 оқу жылында 1 орын);
  10. 5В012600- «Математика-Физика» – 2-орын, (2017-2018 оқу жылында 1 орын);
  11. 5В012700-«Математика-Информатика» – 1-орын, (2017-2018 оқу жылында 1 орын);
  12. 5В013000-«Тарих-Дінтану» – 1-орын, (2017-2018 оқу жылында 1 орын).

 

Магистратура бойынша:

1. 6М010500- «Дефектология»– 3-орын;

2. 6М042100- «Дизайн»– 3-орын.

Докторантура бойынша:

1. 6Д010900- «Математика»– 2-орын;

2. 6Д011000- «Физика»– 2-орын;

3. 6Д011400- «Тарих»– 1-орын;

4. 6Д012000- «Кәсіптік оқыту» – 3-орын;

5. 6Д011800- «Орыс тілі мен әдебиеті» – 2-орын.

 

           Мониторингтің негізгі мақсаты: университет жұмысын жетілдіру, қызметкерлердің педагогикалық және ғылыми жұмыстарының нәтижелілігін ынталандыру, өзекті әлеуметтік сауалнамалар әдістерін пайдалана отырып шығармашылық бастамалар мен кәсіпқойлықты дамыту мақсатында білім беру сапасын бағалау үшін білім алушылар мен оқытушылардың, жұмыс берушілердің (он-лайн,"Универ" жүйесіндегі сараптамалық сауалнамалар) әлеуметтік сауалдарын ұйымдастыру.

           Келесі сауалнамалар бойынша факультеттердің, кафедралардың жұмысын түзету үшін аналитикалық есептер мен ұсыныстарды қалыптастыру:

  1. Бірінші курс студенттеріне арналған сауалнама
  2. Жоғарғы оқу орнындағы студенттердің білім беру сапасына қанағаттану деңгейі
  3. Түлектерді даярлау сапасын бағалау бойынша жұмыс берушілердің сараптамалық сауалнамасы
  4. Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың еңбекті ұйымдастырылуына қанағаттану деңгейі
  5. 2,3,4 курс  студенттері үшін Педагогикалық практика нәтижесі бойынша сауалнама 
  6. Студенттердің жемқорлыққа қарсы көзқарасы
  7. Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижесіне бітірушінің сауалнамасы.

         Бөлімде ОҚМПУ профессорлық-оқытушылық құрамының оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, қоғамдық және тәрбие қызметін бағалау рейтингін анықтау бойынша жұмыстар жүзеге асырылады. Осы мақсатта университеттің арнайы базасына сандық және сапалық (университеттің факультеттері, кафедралары, профессор-оқытушылар құрамы туралы ақпараттық-анықтамалық деректер) көрсеткіштер енгізілетін болады. Талдау қорытындысы бойынша факультет, кафедралар және ЖОО-ның ПОҚ қызметін бағалау рейтингтері анықталады.