Студенттердің жетістіктері

2024 жылдың 10 сәуірінде Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің жаратылыстану факультетінің "Химия" кафедрасының 2 курс докторанты Амирбекова Эльмира Мамыровна " Ғылымда бастау 2024" VII Халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсына қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды. "Ғылым және ағарту" ХҒО басшылығы (Ресей Федерациясы) "Using it - implements as a means of providing new educational opportunities in the process of masteringgganic Chemistry" ғылыми - зерттеу жұмысын дайындауға көрсеткен көмегі үшін х.ғ.к., доцент Н.Т. Шертаеваға алғыс білдіреді. Шығармашылық табыс тілейміз!

 

Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Химия кафедрасына қарасты 7М01504-Химия педагогін даярлау білім бағдарламасының магистранттары «Үздік магистрант 2023»  жоба байқауына қатысып, өз бақтарын сынады. Жоба байқауының нәтижесінде М1504-22 тобының магистранттары Фархадова Севара дипломмен, Жарылқасын Әсел, Хасимбекова Умиданың  жоба жұмыстары үздік деп танылып, жүлделі І орынға ие болды. Магистранттарды шын жүректен құттықтап, жұмыстарына шығармашылық табыс тілейміз.