Профессор-оқытушылардың жетістіктері

ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

2023-2024 оқу жылы

2023-2024 оқу жылында кафедра бойынша төмендегі оқытушылар марапаттары және өтіәзген жұмыстары :

  1. География кафедрасының г.ғ.к., аға оқытушы Мырзалиева З.К., магистр оқытушы Алимбекова Г.Т. 16.02.2024ж Шымкент қаласындағы Ө.Жолдасбеков атындағы № 9 ІТ лицейінің оқушыларымен кәсіптік бағдар жұмыстарын ұйымдастырды. Кездесуде университет туралы жалпы мағлұмат беріп, университеттің білім беру базасы, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, академиялық ұтқырлығы, үйірме жұмыстары, студенттерідің ғылыми жетістіктері туралы таныстырып, бейнеролик көрсетілді.

 

 

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді жаңғырту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту тәсілдерін халықаралық тәжірибені ескере отырып жетілдіру , практикалық тәжірибе алмасу мақсатында, 22-23 ақпанда Астана қаласында Maqsut Narikbayev University алаңында Жоғары оқу орындарының оқытушыларына "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру" бойынша республикалық семинар өтті. Аталған семинарға Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Жаратылыстану факультетінің География кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі Алимкулова Акмарал Садуакасовна қатысты.

4.Оқу ордамыздың дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін, өз қызметінде жоғары жауапгершілік пен белсенділік танытқаны үшін Г.Т.Алимбекованы оқу ордамыздың ректоры Г.Д.Сүгірбаева алғыс хатпен марапаттады! Құттықтаймыз!

2022-2023 оқу жылы

2022-2023 оқу жылында кафедра бойынша төмендегі оқытушылар марапатталды:

  1. Кожабекова З.Е.- Университеттің білім беруі мен ғылымын дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін Қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 30.12.2022 ж;
  2. Исатаева Г.Б. - Университеттің білім беруі мен ғылымын дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін Қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 30.12.2022 ж;
  3. Налмишова К.Н. – Білім және ғылым саласының дамуына қосқан елеулі үлесі және кадрлар даярлау ісіндегі жоғары жетістіктері үшін Түркістан облысының мәслихатының грамотасымен марапатталды. 30.12.2022 ж;
  4. Турданова М.С. - 2022-2023 оқу жылына арналған қабылдау комиссиясы жұмыстары барысында өзіне тапсырылған міндеттерді аса жауапкершілікпен орындап, талапкер жинауда зор үлес қосқаны үшін ОҚМПУ ректорының Алғыс хаты. 2022ж.

 

 

2022-2023 оқу жылында кафедра оқытушылары халықаралық талапқа сәйкес біліктілікті арттыру курстарын өтті

2021-2022 оқу жылы

2021 жылы Ұстаздар күніне орай кафедраның аға оқытушысы Налмишова Қызбиби Нұржанқызы Ректордың алғыс хатымен, ал кафедрамыздың аға оқытушысы Битұрсын Ғалымжан Шәмшідінұлы - "ОҚМПУ - 80 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды.

2021-2022 оқу жылына ОҚМПУ қабылдау комиссиясы жұмыстарының жоғары дәрежеде тиянақты орындалуына және талапкерлерді молынан қабылдау кезінде өз міндетіне аса жауапкершілікпен қарап, іскерлік танытқаны үшін География кафедрасының аға оқытушысы Арыс Айсулу Сабанбайқызы, оқытушы Қарабаева Ақмарал Махсутбековна Ректордың Алғыс хатымен марапатталды.

2020 жылдың 8 наурызы қарсаңында кафедра меңгерушісі - география ғылымдарының кандидаты, доцент Тажекова А.Д. кафедрадағы жемісті еңбегі үшін "ОҚМПУ – нің 80 жылдығы" медаліне ие болды.

Бүгінгі таңда "География" кафедрасы қазіргі заман талабына сай жоғары білікті мамандарды дайындауға үлкен үлес қосатын, ОҚМПУ-дың қарқынды дамып келе жатқан білім беру және ғылыми кафедраларының бірі болып табылады.

2017-2018 оқу жылында кафедра университет бойынша Ғылыми көрсеткіштер бойынша бірінші орынға ие болды. Э.ғ.к., аға оқытушы Г.Б. Исатаева ПОҚ арасында мониторинг бойынша ең жоғары баллмен алғашқы  он оқытушы құрамына кіреді.

* 2017 жылы кафедра оқытушысы Э. ғ. к., аға оқытушы Г. Б. Исатаева "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағына ие болды: ;

* ҚР БҒМ жанындағы "BILIM ORKENIETY" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған 2019 жылға "Үздік ұстаз" төс белгісімен аға оқытушы Қ. Н. Налмишова;

* ҚР БҒМ жанындағы "BILIM ORKENIETY" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылғы "Үздік ғалым" төсбелгісімен з.ғ. к., аға оқытушы У. К. Сартбаева;