Кафедра тарихы

ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде ең алғаш құрылған кафедралардың бірі,  орыс тіл білімі мен әлем әдебиетінің жоғары білікті мамандарын дайындайтын лингво-әдеби-мәдени орталық. Мұнда білім алушылар сөз өнерін меңгеріп, әлем әдебиетінің тұлғаларымен терең танысып,  шығармашылық қабілеттерін де дамытады.

1937-1941 жылдары Н.К.Крупская атындағы Шымкент мұғалімдер институтында Филология кафедрасы жұмыс істеді, онда үш мамандықтың – орыс, қазақ және шет тілдері мен әдебиеті оқытушылары қызмет атқарды.

1941-1942 оқу жылында Филология кафедрасы екі кафедраға бөлінді, бірі – Қазақ филологиясы, екіншісі  Орыс филологиясы деп аталды.

1941-1950 жылдары Орыс филологиясы кафедрасын А.М.Финкел мен Н.Ф.Пак басқарды. 1959 жылы Орыс филологиясы үш дербес кафедраға айналды:  Орыс тілі, Шет тілдері, Орыс және шетел әдебиеті кафедралары.

Орыс және шетел әдебиеті кафедрасын И.А.Смирин,  Е.А.Сидельников, П.С.Щетинин, А.А.Нестеренко, Р.С.Коршева, Ф.Х.Фаткуллин, С.Н.Кузнецова, К.Е.Гарвард, I.A.Абдукаримов, С.С.Әбдірайымова, О.И.Сластухина, У.К.Абдыхановтар басқарды. Ұзақ жылдар бойы Оңтүстік Қазақстанға танымал ұстаздар мен  тіл жанашырлары  Т.П.Королева, Г.Я.Дементьева, М.С.Бектұров, К.И.Ищанов, В.Н.Попова, П.В.Садчикова, Л.П.Довгал, Е.А.Керімбаев, А.М.Ерімбетова,  Е.Д.Ячевская, Т.И.Розентулер, Н.И.Исабекова, В.В.Красикова, Н.А.Городова, Е.М.Гранаткина, Р.А.Титова, Г.К. Орлик, Л.Д. Әскерова, В.К. Ямалова, Л.И. Криволапова және т.б. қызмет атқарды.

2006-2010 жылдары Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасын доцент, филология ғылымдарының кандидаты Н.А. Сандыбаева, 2010-2012 жылдар аралығында философия ғылымдары кандидаты Ж.С. Калгинбаева басқарды.

2012 жылы Филология факультетінің құрылымы өзгеріп, Қазақ тілі мен әдебиеті және Орыс тілі мен әдебиеті кафедралары бірігіп, Тіл білімі мен Қазақ және әлем әдебиеті кафедралары құрылды. 2012 жылы Тіл білімі кафедрасын п.ғ.к., доцент Р.Н. Бегалиева, 2013-2017 жылдары  филология ғылымдарының кандидаты, доцент Д.Н.Байғұтова басқарды. 2012-2017 жылдары Қазақ және әлем әдебиеті кафедрасын Н.Ж.Нұрпейісов, А.А.Мамыт, Қ.Ж.Сапарбаевалар кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 2017 жылы кафедра атауы қайтадан Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы деп аталды және оны филология ғылымдарының кандидаты А.К.Қалжанова басқарды, 2022 оқу жылынан қаңтар айынан бастап филология ғылымдарының кандидаты Э.А. Орынбетова кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Қазіргі уақытта кафедрада 27 оқытушы: оның үшеуі ғылым докторы; біреуі ОҚМПУ профессоры; бес доцент; төрт ғылым кандидаты, аға оқытушы; 6 магистр-оқытушылар    қызмет атқаруда. Атап айтар болсақ, филология ғылымдарының докторы, профессор Н.В.Дмитрюк, профессор м.а. В.Д.Нарожная, профессор Г.Т.Мұсабекова, ОҚМПУ профессоры Д.А.Молдалиева,  доценттер О.А.Стычева, У.К.Абдыханов, М.И.Кадеева, Г.Б.Маханова, Н.А.Сандыбаева; аға оқытушылар Э.А.Орынбетова, Е.С.Мезенцева, М.Қ.Пулатова, Г.А.Темірбекова; аға оқытушылар М.М.Утембаева, Г.Е.Исабекова, С.Ж.Ниязбекова;  оқытушы-магистрлар Г.Б. Конкабаева, М.С Сыздыкова, Х.Д.Усманова және т.б.

ОҚМПУ-дың 85 жылдық тарихында кафедар ұжымы көптеген жетістіктерге қол жеткізді:

-        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегерлері профессор Н.В.Дмитрюк (2006 және 2012 ж.), доценттер О.А.Стычева (2007), Н.А.Сандыбаева (2008);

-        педагогикалық кадрларды даярлаудағы жемісті еңбегі үшін профессор Н.В.Дмитрюк 2017 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы жетістіктері үшін» төс белгілерімен марапатталды;

-        профессор м.а. В.Д.Нарожная 2011 жылы  «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», 2018 жылы «Орыс тілін таратудағы зор еңбегі үшін» А.С.Пушкин Халықаралық төс белгісімен марапатталды, 2020 жылы Мәскеуде «М.В.Ломоносов төс белгісінің» иегері атанды;

-        доцент О.А. Стычева  2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2016 жылы Халықаралық Сократ медалімен (Medal European Scientific and Industrial Consortium «Esic» – Socrates), 2017жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Халық ағарту ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды;

Доцент М.И.Кадеева 2018 жылы  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен марапаталды, 2019 жылы педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеулері мен жұмыстары үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы сыйлығының лауреаты, 2020 жылы Мәскеуде «М.В.Ломоносов төс белгісінің» иегері атанды.

2019 жылы кафедра доценттері М.И. Кадеева мен О.А. Стычева, 2020 жылы аға оқытушы Е.С. Мезенцева «Үздік ғылым қандидаты» төс белгісімен марапатталды. Университет оқытушыларының халықаралық кәсіби байқауында доценттер О.А. Стычева - 3 орын (Мәскеу, 2017 ж.), М.И. Кадеева – 1 орын (Мәскеу, 2018 ж.) жүлделі орындарға ие болды.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 80 жылдығына арналған  мерекелік төс белгісімен кафедраның профессор-оқытушылар құрамы марапатталды:   профессор Н.В.Дмитрюк (2017), профессор м.а. В.Д.Нарожная (2017), доценттер Г.Б.Маханова (2017), У.К. Абдыханов (2019), М.И. Кадеева (2019), Н.А. Сандыбаева (2019), О.А. Стычева (2019), аға оқытушылар Г.Е. Исабекова (2019), Е.С. Мезенцева (2020), М.К.Пулатова (2020), Г.А. Темирбекова (2020), М.М.Утембаева (2020), М.С.Сыздыкова (2020), Э.А.Орынбетова. (2021).

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы еліміздің қоғамдық ұйымдарының жұмысына белсене қатысады. Қазақстандық орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қауымдастығының (КазПРЯЛ) мүшелері Н.В. Дмитрюк, В.Д. Нарожная, М.И. Кадеева, О.А. Стычева, Н.А. Сандыбаева, Г.Б. Маханова, У.К. Әбдіханов, Г.А. Темірбекова, Е.С. Мезенцева;  В.Д. Нарожная КазПРЯЛ-дың ұйымдастыру комитетінің мүшесі; Н.В. Дмитрюк, В.Д.Нарожная, М.И. Кадеева «Ресей жоғары оқу орындарының түлектері» қазақстандық қоғамдық бірлестігінің мүшесі; В.Д.Нарожная, О.А.Стычева, М.И.Кадеева жалпы диктанттың диктаторлары (2019, 2020) болды.

2020 жылы Ізгілік, рухани келісім, достық пен ұлтаралық бірлікті нығайтудың гуманистік мұраттарына жоғары қызметі үшін профессор м.а. В.Д.Нарожная Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталды. 2021 жылы ҚХА-ның 25 жылдығына қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін доцент М.И. Кадеева «Мейірім» төсбелгісімен марапатталды.

Кафедра оқытушылары алыс және жақын шетелдердегі ғылыми симпозиумдарға, конгрестерге және конференцияларға, ҚР  ғылыми зерттеулерін басылымдарда белсенді қатысады.  Мәселен:

- 2018-2019 ж.ж. 30 мақала жарияланды: Scopus – 3, РИНЦ – 1, ҚКСОН ұсынған журналдарда – 4;

- 2019-2020 оқу жылында 47 мақала жарияланған: Scopus – 3, РИНЦ  – 5, ҚКСОН ұсынған журналдарда – 7;

- 2020-2021 оқу жылы 47 мақала жарияланды: Scopus – 3, РИНЦ – 4, ҚКСОН ұсынған журналдарда – 7;

- 2021-2022 оқу жылының бірінші жартыжылдығына 14 мақала жарияланды, оның ішінде Scopus – 1, РИНЦ – 4.

Кафедра дайындайтын  мамандықтың білім алушылары соңғы бес жылда командалық жарыстарда  жүлделі орындарға ие болды:

- 2016-2017 оқу жылында (Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ.) Е.Таранов, Н.Жолдықожа, Ф.Тұрсуметова ІІІ орынға (ғылыми жетекшісі – т.ғ.д., доцент Ұ.Қ. Әбдіханов);

- 2017-2018 оқу жылында (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.) Ю.Таранова, Г.Гузалова, Т.Абдазимова III орынға (ғылыми жетекшісі – т.ғ.д., доцент Г.Б.Маханова);

- 2018-2019 оқу жылында (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.) К.Пшенина, М.Халметова, К.Тимирова II орынға (жетекшісі – т.ғ.д., доцент М.И. Кадеева) );

- 2019-2020 оқу жылында (С.Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қ.), К.Пшенина, М.Халметова, Ахмедова М. І орынға (ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., доцент М.И.Кадеева) ие болды

2018 жылдың тамыз айында доцент У.К.Әбдіхановтың жетекшілігімен Нальчик қаласының Х.М.Бербеков атындағы Кабардин-Балқар мемлекеттік университетінде өткен «Мен орыс тілін және орыс мәдениетін неге жақсы көремін»  атты байқауға Орыс тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері қатысты, байқау нәтижесі бойынша студенттеріміз К.Пшенина 1-орынды, А.Абдисамет 2-орынды иеленді.

  2019 жылы кафедраның доценті Н.А.Сандыбаева, У.К.Абдыханов және  мамандықтың студенттері К.Пшенина, С.Бабыш, М.Исматовалар Нальчик қаласында өткен жазғы мектеп қатысып, арнайы сертификат пен Алғыс хаттармен марапатталды.