Кафедра тарихы




 Тарихы

Физика кафедрасы

Физика және математика кафедрасының негізі 1938 жылы қаланды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі Швейцариядағы Берн университетінің түлегі С. Г. Шейнессон болды. Ол кафедраны 1938-1945 жылдары басқарды. 1945 жылы бұл кафедра екіге бөлінді: «Математика» кафедрасы (меңгерушісі С.Г. Шейнессон) және «Физика» кафедрасы (меңгерушісі 1945-1948 жылдары Г.В. Горячко, 1948-1957 жылдары И.Г. Юделевич, 1957-1971 жылдары А.А. Арипов).

Мұғалімдер институтын қайта құрып,  оны педагогикалық институтқа айналдырғаннан кейін «Математика» кафедрасының меңгерушісі болып И. П. Цой сайланды. 1956 жылы бұл кафедра екіге бөлінді:» Қарапайым математика» кафедрасы (меңгерушісі Қ.Б.Бектаев) және  «Жоғары математика» кафедрасы. «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушісі қызметін А.Г.Цай, И.П.Цой, М.Абенова, Л. И. Мамаев және Ж.К. Киргизбаев атқарды.

1970 жылы «Геометрия және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасы ұйымдастырылды, осы кафедраны әр жылдары доценттер А. И. Мостова, М. Абенова, Ш.М. Ильясов, К. Абдрахманов басқарды.

1971 жылы «Физика»  кафедрасы «Теориялық физика және механика» және «Жалпы физика»  кафедрасы болып екі кафедраға бөлінді.

«Теориялық физика» және механика»  кафедрасының меңгерушісі қызметін 1971-1981 жылдары доцент П.А. Әбдікәрімов, 1981-1983 жылдары доцент Н. Н. Қарабеков, 1983-1991 жылдары - доцент У.Б. Байтасов, 1987-1991 жылдары – доцент Т.И. Грызунова. Жалпы физика кафедрасының меңгерушісі қызметін 1972-1982 жылдары Ш.С. Серікбаев, 1981-1992 жылдары доцент Ж.Қ. Алматов атқарды.

1991 жылы физика мамандарын даярлайтын «Физика» және «Физиканы оқыту әдістемесі және ОТҚ» кафедралары құрылды. «Физика»  кафедрасының меңгерушісі болып доцент А. Агулыков тағайындалды, ол осы қызметте 1991 жылдан 1996 жылға дейін жұмыс істеді.

Доцент А.Б. Каримова 1991 жылдан 1996 жылға дейін «Физиканы оқыту әдістемесі және ТСО» кафедрасының меңгерушісі болды. 1996 жылы осы кафедраларды біріктіру негізінде «Физика» кафедрасы құрылды.

1996-2003 жылдары «Физика» кафедрасын физика-математика ғылымдарының докторы, профессор А.Н. Бахтыбаев, ал 2003 жылдан 2011 жылға дейін  педагогика ғылымының кандидаты, доцент Т.Д. Бердалиева басқарды.

2012 жылы «Математика, физика және кәсіптік оқыту» кафедралары біріктірілді, соның негізінде «Физика және математика» кафедрасы ұйымдастырылды. «Физика және математика» кафедрасының меңгерушісі болып физика-математика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Д.Т. Бердалиев сайланды. Д.Т. Бердалиев 2016 жылдан бастап оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

2016 жылдан бастап «Физика-математика» кафедрасының меңгерушісі қызметіне п.ғ.д., доцент Р.И. Кадирбаева  тағайындалды.

5В011000-Физика, 5В010900-Математика, 5В012600-Физика-математика, 5В012800-Физика-информатика мамандақтарының және осы мамандықтардан магистратура мен докторантура ашылуына байланысты 2018-2019 оқу жылынан бастап кафедра «Физика» және «Математика» болып екіге бөлінді.

2018-2019 оқу жылынан бастап «Физика» кафедрасы 6В01502- Физика мұғалімін даярлау, 6В01510- Физика-информатика мұғалімін даярлау,  7М01502 - Физика педагогін даярлау магистратура және 8D01502 - Физика педагогін даярлау докторантура ББ  бойынша мамандар дайындайды.

 2018 жылғы қыркүйектен  бастап 2022 жылдың наурыз айына дейін физика кафедрасының меңгерушісі қызметін PhD-доктор Уалиханова Баян Сапарбекқызы атқарды. Баян Сапарбекқызы 2022 жылдың наурыз айында ғылыми істер жөніндегі проректор м.а. қызметіне ауысты.

 2022 жылдың наурыз айынан бастап педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Орманова Ғания Кемалқызы «Физика» кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. Физика кафедрасында 16 оқытушы  жұмыс істейді. оның ішінде 7 ғылым кандидаты, 2 PhD-доктор, 4 аға оқытушы, 2 оқытушы бар. Кафедраның әлеуеттік дәрежесі 56,3% құрайды.

Физика кафедрасында республика деңгейінде танымал С.А.Рамазанова, Б.Қ. Рахашев сияқты ғалымдар мен білім, біліктері жоғары оқытушы-ғалымдар жұмыс істейді.

Физика кафедрасында осы жылдарға дейін  Пересадько Е.А., Волочаев С.М., Ергешова В.М., Қарабеков Н, Каримова Ә.Б,  Құдайқұлов М, Марин А, Пірматов Ш., Левашова Н.П., Сейтқұлов О, Төлегенов Ш, Богаткина Л.Б., Галина Р.С., Токсеитова Р.К., Парманов М, сияқты танымал оқытушы-ғалымдар сабақ берген.

Кафедра ТМД университеттерімен тығыз ғылыми байланыс орнаған: Тольяти университеті, Мемлекеттік Курск университеті, Мәскеу педагогикалық университеті, Қырғыз мемлекеттік университеті, ТашПИ, Омбы мемлекеттік университеті, Томск мемлекеттік педагогикалық университеті, Новосибирск мемлекеттік университеті, Сакарья университеті.

Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізіледі және белгілі бір жетістіктері де бар. 2013 жылы "Физика" мамандығының 2-ші курс студенті Рахматолла Зейнулла Д. Бердалиев пен Б. Рахашевтың жетекшілігімен ғылыми жұмыстарды дайындап, Оңтүстік Қазақстан облысының жас ғалымдарының ғылыми зерттеулерін қолдау бағытында ұйымдастырылған инновациялық жобалар көрмесіне ұсынылып және физика саласындағы жеңімпаз атанды. Оған 750000 теңгеге сертификат берілді. Кафедарада ұтқырлық бойынша жұмыстар да жүйелі іске асырылуда.  Новосибирск мемлекеттік университетінің профессоры Актершин С.П. жыл сайын физика-математика кафедрасының 1-курс студенттеріне “Физикалық процестерді моделдеу” тақырыбында дәріс жүргізіп отырады.

Кафедра аға оқытушысы Абдукадиров Б.З ОҚО Жастар ресурстық Орталығының ұйымдастыруымен өткен үздік жастар сыйлығы байқауында “Үздік Жас Ғалым” номинациясын жеңіп алды.

2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша    ғылым  жөніндегі проректор м.а. PhD  Б.С.Уалиханова «Жоғары сыныптарда Физика пәнін құбылысқа негіздеп оқыту жүйесін жасау» тақырыбында 18582,591 мың теңге ұтып алды.

2022 жылдың қазан айында академиялық ұтқырлық бойынша Физика кафедрасының студенттеріне Түркия, Сакарья университетінен профессор-ғалым  PhD, профессор Али Чорух мырза шақырытылып, дәріс-семинарлар жүргізілуде.

 Описание: C:\Users\Гания\Downloads\WhatsApp Image 2022-10-29 at 15.31.25.jpeg