Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты

8D01504 – Химия педагогін даярлау білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Қарманова Әлия Сұлтанханқызы педагогикалық практикадан өту барысында

ОҚМПУ Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының (ЖООКББИ) 8D01504 – Химия педагогін даярлау білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Қарманова Әлия Сұлтанханқызы педагогикалық практикадан өту барысында 1504-10 оқу тобына «Қышқылдық-негіздік титрлеу әдістері» атты ашық сабағын өткізді. Ашық сабақ барысында студенттер ассоциация, топтық жұмыс, алты қалпақ, таза тақта әдістері арқылы титрлеу әдістерін талқылап, тест тапсырмаларың көмегімен ашық сабақ мазмұнын қорытындылады. Сабаққа ЖООКББИ директоры, химия ғылымдарының кандидаты, доцент, практика жетекшісі Жылысбаева Аққоңыр Нұрділләқызы, ЖООКББИ директорының орынбасары, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Косауова Акерке Колдасыновна, ғылыми жетекшісі химия ғылымдарының кандидаты, доцент Мадыбекова Галия Муталиевна, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Шертаева Найля Турдыгалиевна және химия ғылымдарының кандидаты, доцент Дуйсембиев Марат Жолдасбекович қатысып, сабақ соңында талдау жүргізіп, оң бағасын берді.