Ғылыми жобалар

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ»  факультеттің 2021-2022 оқу жылына арналған ғылыми іс-шаралар жоспары

Іс –шара атауы

Іс-шара түрі және өткізілу форматы

Орындалу

 мерзімі, орны

Өткізетін жауапты кафедра

1

«Халық бірлігі және жүйелі реформалар –ел өркендеуінің берік негізі» ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың халыққа  жолдауындағы «Заң үстемдігі  - азаматтардың қауіпсіздік кепілі»

Факультеттік ғылыми- практикалық оффлайн-семинар

Қазан  2021ж

«География», Битурсын  Ғ.Ш., Алимкулова А.С.

2

Использование базы данных Web of Science  и соременных наукометрических методик

Университеттік  ғылыми- практикалық онлайн, оффлайн-семинар

Қазан  2021ж.

«Химия», Битурсын С.С.

3

Бағалау өлшемдері технологиясы пәнін оқытуда білім алушылардың құзыреттілігін қалыптастыру

Халықаралық ғылыми- практикалық онлайн, оффлайн-семинар

Қараша  2021ж.

«Химия», Дуйсембиев М.Ж.

4

Онлайн режимінде сабақ өткізу барысында оқытудың жетілдірілген жаңа ақпараттық технологияларын оқу процесіне енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар

Кафедралық ғылыми- практикалық семинар

Қараша 2021ж

«География», Темирова Ж.Ж.

5

Современные научные тенденции в биологии

Факультеттік   ғылыми- практикалық семинар

Желтоқсан 2021 ж.

«Биология» кафедра

6

Современные научные тенденции в географии

Факультеттік   ғылыми- практикалық семинар

Ақпан 2022 ж.

«География» кафедра

7

География ғылымдарының теориялық және методологиялық негіздері

Кафедралық ғылыми- практикалық семинар

Наурыз   2022

«География», Қожабекова З.Е.

8

Научно- педагогические исследования при обучении в магистратуре

Факультеттік   ғылыми- практикалық семинар

Наурыз  2022 г.

«Химия», Шертаева Н.Т., Павлова Н.

9

Ақпараттық технология құралдарын оқу үдерісінде тиімді қолдану жолдары.

Кафедралық ғылыми- практикалық оффлайн-семинар

Сәуір 2022 ж

«Химия», Козыкеева Р.А.

10

Специфика и особенности правовых актов в Казахстане

Кафедралық ғылыми- практикалық семинар

Сәуір 2022ж

«География», Бердыбекова А.Л.

11

Заманауи биотехнологияның тәсілдерімен жетістіктерін Қазақстанда пайдалану мәселесі

Кафедралық ғылыми- практикалық семинар

Сәуір 2022ж

«Биология», Успабаева А.А., Утегенова Г.А.

12

Пути совершенствования науки и образования на фоне глобальных вызовов современности

Научно-практическая конференция, посвящённая 85-летию университета

Апрель 2022 г.

«Жаратылыстану»  факультет

13

Бензол сақинасындағы бағыттау ережелері тақырыбын оқыту

Кафедралық ғылыми- практикалық оффлайн-семинар

Мамыр 2022 ж

«Химия», Есеналиев Е.Т.

14

Итоги  НИР  за  2021-2022 учебный  год

Факультеттік  ғылыми- практикалық семинар

Июнь 2022 г.

«Жаратылыстану»  факультет

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

 

 

 

 

Описание: D:\1 НИР 2019-2020\НИР и НИРС план 2020-2021\круглый стол 17 июнь-2021\cd22fde0664050f55a67ad53d4b823f1_1280x720.jpg

 

 

 

География каедрасының 6В01405- Құқық және экономика негіздері мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша

 

«ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың халыққа жолдауындағы

  «Заң үстемдігі - азаматтардың қауіпсіздік кепілі»

 

тақырыбында ғылыми-практикалық семинардың

ЕСЕБІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 қазан 2021ж.

ШЫМКЕНТ

 

Описание: D:\1 НИР 2019-2020\НИР и НИРС план 2020-2021\круглый стол 17 июнь-2021\767a044d4a3b14155513e6921673b7c5_resize_w_830_h_465.jpeg

 

Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз.

Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. 

Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік.

Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір ел болып еңбек етіп жатырмыз.

Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес.

Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың

«ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ»

атты Қазақстан халқына Жолдауынан

 

 

 

        «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың халыққа жолдауындағы «Заң үстемдігі - азаматтардың қауіпсіздік кепілі» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар 08.10.2021 жылы Жаратылыстану факультетінің География кафедрасының жоспары бойынша 6В01405-Құқық және экономика негіздері мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша 1-курс студенттері және құқық магистр, аға оқытушы А.С.Алимкулованың ұйымдастыруымен ғылыми практикалық семинар өтті.

       Ғылыми практикалық семинарымызды университет басшылары және де басқа да профессор оқытушылар, студенттер инста (okmpu.jaratylystanu., gugug_ekenomika) желісінен тікелей эфирден көріп отырды.

Ғылыми-практикалық семинардың қонақтары мен қатысушылары:

1.Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары - Тағаев Бауыржан Кенжеұлы

2. Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы- Ашенов Бақдәулет Төлебайұлы

3. ҚР Шымкент қаласының Білім басқармасының әдістемелік орталығының директоры, ф.ғ.к.- Медетбекова Меруерт Аскарбековна

4. ҚР Шымкент қаласының Білім басқармасының әдістемелік орталығының тәрбие әдіскері- Жанбырова Жанат Пернебековна

5. Жаратылыстану факультетінің деканы, география ғылымының кандидаты -Сәуленбаев Алтынбай Тагабаевич

6. География кафедрасының меңгерушісі, география ғылымының кандидаты-Тажекова Акмарал Джаксыбековна

7. Экономика ғылымының кандидаты, аға оқытушысы – Темирова Жанат Жамбыловна

8. құқық магистрі, аға оқытушысы – Битұрсын Ғалымжан Шәмшідінұлы

9. модератор, құқық магистрі, аға оқытушысы Алимкулова Акмарал Садуакасовна

10. 1405-11 тобының студенттері

 

 

 Ғылыми практикалық семинарға кафедраның аға оқытушысы Ғ.Ш.Битұрсынның белсене қатысып, қонақтарды марапаттау үстінде

Елбасымыздың бастамасымен 1996 жылдан бері жыл сайын Қазақстан халқына Жолдау арналып келеді.  Аса маңызды саяси бұл құжатта бұған дейін атқарылған істер қорытындыланып, лайықты баға беріледі.

2021 жылдың 1-қыркүйектегі  ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» халыққа жолдау  мынадай мәселелелерге  арналды:

І. ПАНДЕМИЯДАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ
II. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
III. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

IV.ӨҢІРЛІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ
V. ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА ТИІМДІ ЭКОЖҮЙЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

VI. САЯСИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ
VII. ҰЛТТЫҢ ҰЙЫСУЫ – ОДАН ӘРІ ДАМУДЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ 

қарастырылды.

 

Ғылыми – практикалық семинарымыздың алғы сөзін Жаратылыстану факультетінің деканы Сәулембаев Алтынбай Тагабайевичке берілді.

 

1.Әль-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Тағаев Бауыржан Кенжеұлына сөз кезегі беріледі. Баяндама тақырыбы: «Пандемия кезінде  салықтық жеңілдіктермен бюджеттің орындалуы». Баяндамада дүниежүзілік пандемия кезінде Қазақстан Республикасында бюджеттен қарастырылған жеңілдіктер туралы айтылды.

 

2.Заңгер-ғалым, Кәсіптік бағдар және мансап орталығының басшысы, 2020-жылғы Жылдың 100 жаңа есім автобиографиялық энциклопедиясына есімі енген жоба иегері, Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі Битұрсын Ғалымжан Шәмшідінұлына сөз беріледі. Баяндама тақырыбы: «Сапалы білім беру жүйесін құқықтық реттеу механизмі». Баяндама барысында, қазір барлық бетбұрыс педагогикалық мамандықтарға ауып жатыр. Медициналық мамандықтардың шекті баллы 70 болса, педагогикалық мамандықтардың шекті баллы 75 балл. Бұл Қазақстан қоғамы үшін өркениетке, жарқын болашаққа бет бұрды деген сөз. Өйткені медицина қызметкері алдына ем қабылдауға келген санаулы адамның денсаулығы мен өміріне жауапты болса, ұстаздар еліміздің ертеңгі болашағы – өскелең жастардың бүтіндей тағдырына жауапты екенін тілге тиек етті.

 

3.Құқық және экономика негіздері мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 1-курс студенті Мұхитдинқызы Лаура

Баяндама тақырыбы: «Заң үстемдігі –құқықтық мемлекеттің негізі». Баяндамада ең бастысы, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы, барлық саяси институттарда жоғарғы құқық бастаулары, құқық рухы енгізілетінін атап өтті.

 

Пікір алмасу, сұхбаттасу (қонақтар мен қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, қызу талқылауға түсті)

 

Ғылыми практикалық семинардың қорытынды сөзін кафедра меңгерушісі Тажекова Акмарал  Джаксыбековна алды. Өз сөзінде бүгінгі Қ.К.Тоқаевтың «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауын университет қабырғасында талқылап, бірәз ой пікірлермен бөлісіп, ертеңгі күнімізге жоспар құрып, болашаққа нық сеніммен қадам басып отырғанымызды атап өтті.

    

      «Заң үстемдігі –азаматтардың қауіпсіздік кепілі»   ғылыми-практикалық семинарға келген қонақтарға баяндама оқығаны үшін, белсенді қатысып өз тәжірибелерімен бөліскені үшін сертификатпен марапатталды.