ЖАҢА ЖАТАҚХАНА ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің кампусы жақында тағы бір жаңа ғимаратпен толығады. Бүгін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде оқу орны мен жоба инвесторы арасында екі жақты келісім-шартқа қол қойылып, жаңа жатақхананың құрылысы басталды.

Оқу орны басшылығы бастаған оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер құрылыс алаңына жиналып, қарашаңырағымыздың ардагер ұстазы Жүзбай Қырғызбаевтың ақ батасымен тарихи уақыт капсуласын салып, іргетасын қалады.

Қазіргі заманғы ғимарат 600 адамға арналған. Онда магистранттар мен докторанттар орналасады. Жобаға сәйкес жастардың үздік оқуы үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалатын болады.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің балансында 4 жатақхана бар. 12 қабатты Студенттер үйі, және жаңа үлгідегі 3 заманауи жатақханалар студенттер игілігіне берілген.