Шетелдік профессор М.М. Перегрим ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді

       7-желтоқсан 2021 жылы ОҚМПУ-нің Жаратылыстану факультеті «Биология» кафедрасының ұйымдастыруымен сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелден шақырылған, Украина Республикасы, Тарас Шевченко атындағы Луганск Ұлттық университетінің аға оқытушысы, биология ғылымдарының кандидаты, визитинг М.М. Перегримнің қатысуымен «Биологияның заманауи ғылыми тенденциялары» атты тақырыпта бірлескен ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.

       Семинарда М.М. Перегрим «Поиск финансирования и публикация результатов исследований: собственный опыт с успехами и неудачами» атты тақырыпта және Г.А.Аримкулова «Биология сабақтарында CLIL технологиясының әдістерін қолдану» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Факультет, кафедра ұжымы, докторанттар және магистранттар баяндама тақырыптары бойынша пікір алмасып, ғылыми-әдістемелік тәжірибелерімен бөлісті.