Діни ахуал мен рухани тұтастық

        2022 жылдың 15-17 наурыз күндері аралығында ҚР АКДМ Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежанов Түркістан облысы және Шымкент қаласына аймақтағы діни ахуалымен танысу мақсатында жұмыс іс-сапарымен келді. Жұмыс барысында Оңтүстік өңірлердегі дін істері басқармаларының жұмысымен танысты. Іс-сапар барысында еліміздің оңтүстігі және Шымкент қаласы жоғары оқу орындары арасында «Тарих және Дінтану» мамандарын әзірлейтін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болып, аталған мамандық бойынша мамандар әзірлеудің жайымен танысты.

         Кездесулер барысында өңірдегі дін мәселелері бойынша бірқатар мемлекеттік, қоғамдық, жоғары оқу орындары қызметкерлерімен пікір алмасылды. Негізгі назар еліміздегі "Діни ахуал мен рухани тұтастық" мәселелері төңірегінде өрбіді