Тәрбие жұмыстары

         

    Әлем тарихы және дінтану кафедрасының аға оқытушысы, Дін саласындағы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы, Мәди Бесбаев мырза Жаратылыстану факультетінің деканы, г.ғ.к. А.Т. Саулембаев және деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, PhD А.Т. Мусабековтің қатысуымен факультет студенттеріне “Діни экстермизмнің алдын алу және діни сергектік" тақырыбында діни сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу тартымды өтті, студенттер өз көкейіндегі сұрақтарға толық жауап ала алды.

 

    Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Жаратылыстану факультетінің студенттері жататын 5-жатақханада 04.11.2021ж. деканат тарапынан студенттердің бөлмелері мен асханаларын, жуынатын бөлмелерін тексеру жұмыстары жүргізілді, бөлмелерін таза ұстамаған студенттерге ескерту жасалды. Сонымен қатар жатақхананың оқу залында студенттермен кездесу ұйымдастырылып, университеттің және жатақханалардың тәртіп, ережелері түсіндірілді, студенттердің ұсыныстары тыңдалды. Тәртіп пен тазалықты қадағалау Студенттер Ректоры мен проректорына, студенттер деканына, жатақханадағы қабаттар бойынша тәртіп пен тазалыққа жауапты тұлғаларға тапсырылды.