Педагогикалық кадрларды даярлаудың қазіргі жағдайы мен даму болашағы

        Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде оқу ордасының 85 жылдығына орай «Педагогикалық кадрларды даярлаудың қазіргі жағдайы мен даму болашағы» тақырыбындағы форум өтті. Форумға университет, мектеп мұғалімдері мен білімгер жастар қатысты.

          Жиынды университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева салтанатты түрде ашып, өз сөзінде: «форумның мақсаты - құзыретті маман даярлауда педагог еңбегін тұтынатын жалпы білім беретін мектептер мен жұмыс берушілер және ЖОО байланысын нығайту, бұл саладағы өзекті мәселелерді айқындап, оны шешудің жолдарын бірлесе отырып талқылау. Өйткені, баршамызға белгілі қазіргі таңда педагог мамандарды даярлауда құзыреттілік парадигма негізінде, нәтижеге бағдарланған білім беруді ұйымдастыру талабы қойылып отыр. Біздің университетіміздің осы бағыттағы іс-әрекеттері университетімізде ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарымызды сақтай отырып, әр бір түлектің білімді игеруге деген қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеріп, кәсіби білікті, құзыретті маман даярлау» - деді

          Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы – Жанат Тажиева форумның ашылумен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

       Педагогика ғылымдарының докторы Анара Досбенбетова «Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық құзіреттілігін қалыптастыру». «ЖОО-да педагог мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама оқыды.

         Сонымен қатар бірқатар ғалымдар өзекті тақырыптағы баяндамаларымен іс-тәжірибе алмасты.