ҰСТАЗДАР ЖАҢА ЖЫЛҒА ЖАҢА МАРАПАТПЕН ЕНДІ

Бүгін 2022 жылғы 28 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде жаңа жылдық мерекелік кеш өтті. Университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева бастаған ұлағатты ұстаздар қауымы арқа-жарқа көңілмен өткен жылды қорытындылап, келер жылға кемел жоспарлармен қадам басты.

Білім ордасының мерейлі 85 жылдығында абыройлы табыстарға қол жеткізген бірқатар оқытушы-профессорлар құрамының еңбектері еленіп, атаулы марапаттарға ие болды.

Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесі мен ғылым жолына арнаған бірқатар ардагер ұстаздар ҚР Білім және ғылым саласының дамуына сіңірген еңбегі мен жемісті шығармашылық қызмет жолындағы «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 

Қазыналы қарттардың ізін жалғаушы оқытушыларымыз да Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрінің 
алғыс хаты, "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі және Түркістан облысы әкімінің грамотасына лайық деп табылды.

Сондай-ақ білім ұясының білікті басқарма басшысы Гүлжан Сүгірбаева әріптесі Николай Подушкинмен бірге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.

Құттықтаймыз!