ПАЛАЦК УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ АШЫҚ ДӘРІСТЕРІ

 

Университетте жоғары білім беру мен ғылыми үдерісті интернационалдандыруды арттырудың негізгі индикаторларының бірі дәрістер оқу, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жетекші шетелдік жоғары оқу орындарынан шетелдік профессорларды тарту болып табылады. 

Чехия Республикасы, Оломоуц қаласы, Палацк университетінен шақырылған профессорлар Jaromir Mastalir мен Tomas Cech «Мектепке дейінгі және арнайы педагогика» кафедрасының білім алушыларына дәріс оқыды. 

Сондай-ақ, кафедраның профессор-оқытушыларына Чехия білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім берудің рөлі мен теориялық-әдіснамалық негіздері, заманауи тенденциялары мәселелерін талқылап, пікір алмасты.