ҰЛЫ ЖЕҢІСТІ ҰРПАҚ ҰМЫТПАЙДЫ. АРДАГЕРЛЕР АРАМЫЗДА.

 

Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде студенттер мен ардагерлердің кездесуі өтті. Іс-шара Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен «Ерлік ұмытылмайды» патриоттық әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды.

Жобаның мақсаты — ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыра отырып, жастардың патриоттық сезімдерін жоғарылату, Отанға сүйіспеншілік сезімдерін арттыру болып табылады.

Кездесуге Шымкент қаласы Қарулы күштерінің құрметті ардагері, қарулы күштер РҚБ ШФ төрағасы, Шымкент қаласы 11 қоғамдық бірлестіктер коалициясының төрағасы – Серікбай Оңбаев, патриоттық қозғалыс “Желтоқсан ақиқаты” республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласындағы филиалының төрайымы Гүлмира Оспанова Семей сынақ ядролық полигонының ардагері Өмірхан Қарабеков қатысты.

Арадагерлер отты жылдар естелігін жаңғыртып, жастарға өнеге айтты. Ал, тәжірибелі мамандар өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, студенттер сауалына жауап берді.