МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕЛЕР ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

 

 

Бүгін университетте 1 қазан Қарттар күні мен 5 қазан Ұстаздар күніне арналған «ҰСТАЗЫМ – ҮЛГІ-ӨНЕГЕ, ҚАРТТАРЫМ – ЫРЫС, НЕСІБЕ» атты салтанатты жиын өтті.  

Іс-шара университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева мен мемлекет және қоғам қайраткері Оразалы Сәбденнің құттықтау сөзімен ашылды.

Жас ақын студенттеріміз Даниал Болысбек пен Сәуірхан Сұлтан домбырамен арнау айтты. Қатысушылар рух сардары, мемлекет қайраткері, этнограф Өзбекәлі Жәнібеков туралы деректі фильмді тамашалады.

Салтанатты шарада ғалым, университеттің директорлар кеңесінің төрағасы Оразалы Сәбденге ғылыми кеңестің шешімімен «Құрметті профессор» атағы берілді. Бұл атаққа сондай-ақ, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Омар Базаркүл, жаратылыстану факультеті химия ғылымдарының кандидаты, доцент Мәдібекова Ғалия, тарих және педагогика факультеті тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Бегманова Дариха ие болды.  

Іс-шара соңы өнерлі жастардың концерттік бағдарламасына ұласты.