Асхана жұмысын бастады

ОҚМПУ-нің асханасы жұмысын қайта бастады. Күрделі жөндеуден өткен ғимарат іші толықтай жаңартылып,  келушілерге мейілінше ыңғайлы етіп жасақталған.  Дәмханада  әзірге тек бірінші курс студенттері емін-ерікін отырып,  ас іше алады. Айырықша айта кетерлігі  суретші мамандығын игеріп жатқан студенттер өздері бастама көтеріп,  асхананың ішін әспеттеп, безендіріп шықты.