Cormack Consulting Group консорциумының бастамасымен жоғары оқу орындарынан өкілдер келді

Бәсекеге қабілетті маман даярлауда халықаралық қарым-қатынастың маңызы зор. Бұл әрбір салада пайдалы келіссөздер жүргізу арқылы жүзеге асады.
Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне шетелдік университеттердің Қазақстанға сапары барысында Cormack Consulting Group консорциумының бастамасымен жоғары оқу орындарынан өкілдер келді.
Құрметті қонақтар алдымен жоғары оқу орнының тынысы арқылы қазақ мәдениеті мен тарихымен танысты. Университеттегі археологиялық жәдігерлерді тамашалап, түрік тілі орталығы, көрме орталығы және №1 студенттер үйімен танысты.
Бұдан кейін университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева шетелдіктерді арнайы қабылдап, жоғары оқу орындары арасындағы жүзеге асырылуы тиіс мәселелер талқыланды. Аталған мәселе бойынша Басқарма мүшесі-Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков 9 бағыт бойынша нақты ұсыныстар айтты.
Cormack Consulting Group консорциумына мүше жоғары оқу орындары өкілдерін қабылдау кезінде ұсынылған нақты мәселелер бағытымен келесі жарияланымда таныс бола аласыздар.