Cormack Consulting Group консорциумын қабылдау кезінде ұсынылған бағыттар

Cormack Consulting Group консорциумына мүше жоғары оқу орындары өкілдерінің Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде қабылдау кезінде ұсынылған бағыттар:
- Докторанттарға шетелдік ғылыми жетекші тағайындау мәселесінде серіктес болу
- Қос диплом бағдарламасында серіктестік жолын қарастыру
- Визитинг профессор ғалымдарын дәріс оқуға шақырту мәселесі
- Академиялық ұтқырлықпен студенттер және ОПҚ-ты оқуға/біліктілігін арттыруға жіберу мәселесі
- Бірлескен зерттеу жобалары мен ғылыми зерттеу мақалаларын жазу мәселесі
- Біздің ОПҚ-қа арналған біліктілігін арттыру мен шеберлігін шыңдау курстарын ұйымдастыру мәселесі
- Шетелдік ЖОО-дардың онлайн ресурстары мен кітапхана базаларын пайдалану мәселесі
- Аталмыш консорциум Болашақ бағдарламасы аясында «500 Ғалым» жобасымен келісімшарт жасап жатыр. Бағдарлама аясында консорциумға мүше атанған ЖОО-ға ОПҚ және студенттерді жіберу мәселесі.