ЖҰЛДЫЗҒА САЯХАТ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде болашақ физиктер аспан әлеміне саяхат жасады.
Барлығы 60 шақты студент қала шетіндегі биік алқапта жұлдыздарға көз тігіп, түнгі ғарыш әлемін тамашалады. Телескоппен шоқжұлдыздарға шолу жасап, ай қабаттарын, юпитерді көрді.
Ғарыш картасымен және навигациялық аспаптармен жұмыс істеу барысында басқа да аспан денелерін іздеп, анықтады. Зерттеудің қиындығына қарамастан жастар ғылымға құштарлық танытты. Көңілді астрономиялық кеш студенттерге идея мен шабыт сыйлады.
Зерттеу тәжірибесіне университет Басқарма мүшесі-Академиялық мәселелер жөніндегі проректор міндетін атқарушы, академиялық істер департаментінің директоры Дәулетбай Бердалиев қатысты.
Айта кетелік, аспан әлеміне саяхатқа шақырушы — физика және математика факультетінің доценті Сара Рамазанова. Жастарға мотивациялық көңіл-күй ұйымдастырған білікті ғалым жақында 80 жасқа толды.